Астанада 2013 жылдың үздік мұғалімі таңдалды
Астанада «Үздік
мұғалім - 2013» қалалық байқауының финалы өтті. Астананың 2013 жылғы үздік
мұғалімі және байқаудың Гран-при иегері болып №70 мектеп-лицейдің бастауыш
сынып мұғалімі Меруерт Қуатбекова
танылды.
Алғашында үздік мұғалім атағы үшін қаланың 30 мектебінен 30 ұстаз бақ сынады, - деп хабарлайды байқауды ұйымдастырушы Астана қаласының Білім басқармасы мен «Астана дарыны» Аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы.
Байқаудың қалалық кезеңіне 9 мұғалім өтті. Олар: №9 «Зерде» ДБМ - К.Тердікбай, №70 МЛ - М.М.Қуатбекова, №38 МЛ – З.К.Туитина, №3 МГ - С.Н.Окружко, №4 МГ - М.К.Уәзірханов, №60 МГ - А.С.Хамитова, №54 МГ - Д.М.Бегәлиева, «Мирас» ХМ - Н.Е.Байжанов, №36 ОМ Л.Н.Матасова.
Байқау 4 турда өтті. Бірінші тур - «Визиттік карточка». Онда қатысушы эмблема мен ұранына байланысты өзінің педагогикалық ұстанымын білдіреді.
Екінші тур- «Пәннің бәрі жақсы», онда мұғалім алдын ала дайындаған оқу пәніне байланысты өзінің көзқарастары мен тұжырымдарын келтіреді.
Үшінші турда «Педагогикалық идеяны қорғау» міндеті тұрды. Әрбір қатысушы жазбаша түрде шығармашылық тапсырма орындап, оны кесте-сызба, конспектілер мен слайдтарды пайдаланып безендірді.
«Мұны сіз істей аласыз» атты финалдық турда «Үздік мұғалім - 2013» байқауына қатысушы дайындаған эмблемалар мен бойтұмарларды қазылар алқасы таңдады.
Барлық қатысушылар да педагогикалық дара қабілет танытып, шығармашылық және сахна мәдениеті мен шеберлігін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша Гран-при иесі және Астана 2013 үздік мұғалімі болып - №70 мектеп лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Меруерт Қуатбекова танылды.
І орын №36 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Л.Н.Матасоваға; ІІ орын «Зерде» дарынды балалар мектебінің математика пәнінің мұғалімі Тердікбай Кушайға; ІІІ орын №4 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі М.К.Уәзірхановқа берілді.
«Ұлттық педагогиканы насихаттаушы» аталымында №54 мектеп лицейдің технология мұғалімі Д.Ш.Бекәлиева; «Зерттеуші мұғалім» аталымында №60 мектеп лицейдің тарих пәнінің мұғалімі А.С.Хамитова; «Кәсіби шебер» аталымында №3 мектеп гимназияның химия пәнінің мұғалімі Н.С. Окружко; «Шығармашыл педагог» аталымында «Мирас» халықаралық мектебінің қазақ тілінің мұғалімі Н.Байсақова; «Әдіскер» аталымында №38 мектеп лицейдің ағылшын тілінің мұғалімі З.К.Туитина жеңімпаз атанды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz