2010

Астаналық педагогтар «Мың бала» жобасының бесжылдық жұмыс қорытындысын шығарды

Бүгін, 18 мамырда елордалық № 49 орта мектеп базасында «Мың бала»: теориядан тәжірибеге» атты республикалық семинар өтті.

Бүгін, 18 мамырда елордалық № 49 орта мектеп базасында  «Мың бала»: теориядан тәжірибеге» атты республикалық семинар өтті. Семинардың мақсаты – қала мектептерінде «Мың бала» жобасын енгізудің бесжылдық тәжірибесін негіздеу.

«Мың бала» жобасы Астанада 2008 жылы іске қосылды. Тәжірибе алаңы елордалық №49 мектеп болды. Жоба авторы - «Астана дарыны» РҒТО директоры  Майра Құрманбаева.

Іс-шарада сөйлеген сөзінде жоба авторы Майра Құрманбаева «Мың бала»: теориядан тәжірибеге» жобасы қонақтар мен қатысушылардың назарын атауы мен мақсатына, міндеттері мен күтілетін нәтижесіне аудара білді, - деді  

«Неге жоба «Мың бала» деп аталды, - десеңіз - біздің әрбір орта мектепте кем дегенде 1200 баладан оқиды. Біз орташа 1000 санын алып, әрбір педагогқа директордан бастап, жетекшіге дейін 10 баладан бөлдік. Әрбір мұғалім күн сайын 10 оқушыны бақылайды. Бағасын қадағалап, белсенділігін тесереді, іс-шараларға қатысуын бақылайды», - деп бөлісті astana.kz сайтына өз ойын Майра Құрманбаева.

Осы тұрғыда, оның айтуынша, мұғалім мен оқушының және ата-ананың арасында тығыз қарым-қатынас орнайды. Ал балаға екі жақты бақылау жүреді. Бұл жобаның ең басты маңызы болып табылады. «Сәбиді кішкене күнінен жеке дара қалыптасуға баулып, сонымен қатар, оған отбасынан, білім шаңырағынан қатаң бақылау болуы қажет», - дейді жобаның бастамашылары.

Бүгін, семинар барысында «Мың бала» жобасы бойынша керемет әлемде» тәжірибе жұмыстарының көрмесі таныстырылды. Мектептің әр қабатында оқушылардың жұмыстары мен жаңа үлгідегі кабинеттер ашылған. 

Мәселен, мектептің 1-қабатында «Көгалдандыру» бұрышы; 2-қабатында «Жас суретшілер» бұрышы, «Сәулетшілер» бұрышы мен «Ұлттық қолөнер» көрмесі; 3-қабатта «Жұлдыздар әлемі»; 4-қабатта «Геометрия әлемі» бұрыштары орналасқан. Осының барлығын оқушылар өз қолдарымен істеген.

«Ұлт танымы» бөлмесіне келесі бағыттар бойынша: «Мәнерлеп оқу», «Ою-өрнек», «Ертегілер әлемі» жұмыстары қойылған. Сол 4-қабатта «Жас физик», «Таңдаулы тәжірибелер» бағыттарында жұмыс жүргізетін ғалымдар мен жетекшілердің «Экспо 2017» халықаралық көрмесімен байланысты өткізілген тәжірибелік жұмыстары да көрсетілген.

Айту керек, бүгінгі күні «Мың бала» жобасы Қазақстанның бірнеше қаласында көптеген сұраныстарға ие болды. Астанада оны №49 ОМ, №7 ОМ, №51 ОМ, №24 ОМ және №4 ОМ енгізумен айналысуда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109