2365

Елорданың жеке сектор тұрғындары Елбасыға алғыс айтты

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына елорданың жеке секторында тұратын азаматтардан ұжымдық хат келіп түсті. Онда тұрғындар Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясындағы газдандыру жұмыстары үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Біз, бас қала тұрғындары, Сіздің Ұлы дала төріндегі ұлы жоба – Елордамыздың өсуі мен өркендеуінің әр күніне, әр сағатына үлкен жанашырлықпен қарап, қамқорлық танытқаныңызға ризашылық сезімімізді жеткізгіміз келеді. Елордамыздың авторы, бас сәулетшісі ретінде Сіз бұл қаладағы әрбір жобаның, жүзеге асырылуын жіті қадағалап, тынымсыз тексеріп, назарыңыздан әсте қалдырған емессіз.

Мінеки, осындай стратегиялық, өміршең жобалардың бірі – Елордамызды газдандыру. «Ғасыр жобасы» атанған осынау жобаның соңғы жылдары қарқынды түрде жүзеге асырылып жатқаны бізді қуантады. Сарыарқаның төсіне, соның ішінде, бас қалаға көгілдір отынды тарту Сіздің «Бес әлеуметік бастамаңыздан» басталғаны мәлім. Сіздің тарихи жобаңыздың экономикалық, әлеуметтік маңызы өте зор. Өйткені, көгілдір отынның келуі ең алдымен, қала тұрғындарының тұрмысын жақсартып қана қоймай, экономикалық, экологиялық және қауіпсіздік мәселелерін оң шешуге жол ашады», - делінген ұжымдық хатта.

Елорда тұрғындары алғыс хатында көгілдір отынның артықшылығын айрықша атап өтті.

«Біріншіден, жекеменшік сектордың тұрғындары бұрынғыдай көмірді сатып алу және сақтауға, оның сапасына, күніне бірнеше рет үйді жылытуға басын қатырмайды.

Екіншіден, жылу қазандықтарының газга көшірілуі электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Үшіншіден, бұл экология, қауіпсіздік және адамның денсаулығына қатысты бірегей жоба деп білеміз. Бас қаланы газбен қамтудың нәтижесінде ауадағы зиянды қалдықтар азаяды. Қаланың экологиясы жақсарады, ал бұл – тұрғындардың денсаулығына жағымды әсер етеді. Демек, көгілдір отын көк түтіннен тұншыққан тұрғындардың алаңдатқан түйткілді мәселені толықтай шешуге септігін тигізеді», - дейді елорда тұрғындары.

Елорданың жеке секторында тұратын азаматтар жолдаған хатта көгілдір газ жүйесін орнату үшін жасалған түрлі жеңілдіктерге тоқталып өтті.

«Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы! Біз, биылғы жылдың халық үшін бір қуанышы – елордаға газ тарту деп білеміз. Бұл жобаның кезең-кезеңмен сапалы, тиянақты іске асырылып жатқанына көңіліміз толады. Сіздің үлкен жанашырлығыңыздың арқасында ауқымды жобаның жылдам жүзеге асырылып, үйімізге көгілдір отынның келгеніне таң қалғанымызды да жасырмаймыз. Бұдан бөлек, үйлерімізді орталық газбен жабдықтау желілеріне қосу үшін пайызсыз несие берілуі де біз үшін тиімді болды. Ел арасында жағдайы төмен отбасыларға үйлерін газға көшіру бойынша бір реттік көмектің көрсетілуі және газ есептегіш құрылғылардың тегін берілуі өте құптарлық іс.

Елорданы газдандыруға қатысты Сіздің, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын құзырлы мекемелердің дер кезінде орындап, игілікті істі халықтың көңілінен шығатындай атқарылып жатқанына алғысымыз шексіз. Бұл орайда газдандыру ісін атқарып жатқан ұйымдар маңызы зор істі бақылауға алып, халықпен жиі-жиі жүздесіп, ауламыздан шықпай қауіпсіздік мәселесіне баса назар аударуы көңіл көншітеді», - делінген алғыс хат мәтінінде.
Сонымен қатар елорданың әлемдік көшбасшы мегаполистердің қатарына енуіне сенімділік білдірді.

«Қазіргі таңда бас қаламыздың қарқынды дамуы барысында жайлылық пен орнықтылыққа, тұрғындардың саулығына ерекше назар аударылатынын көзімізбен көріп отырмыз. Жайлы, қолайлы қала дегеніміз тек үй салу, айналасын абаттандыру, жолды жөндеу ғана емес, сондай-ақ ауаның тазалығы, ортаның қолайлылығы, тұрмыстың жеңілдігі, адамдардың денсаулығының мықтылығы деп түсінеміз.

Біз, елорда тұрғындары, таң қаларлық тарихи кезеңде өмір сүріп, Сіздің бастамаңызбен қолға алынған барлық игілікті жобалардың жүзеге асырылуына куә болып отырмыз. Соның айғағындай, Елорданы газдандыру жобасы – тұтас еліміздің экономикасына серпінді күш береді. Тәуелсіз Қазақстанның айбынды қаласы көп ұзамай әлемдегі көшбасшы мегаполистердің қатарына қосыларына сеніміміз мол! Сізге ел-жұртыңызды өзіңіз салған дамудың дара жолымен жарқын болашаққа бастай беруіңізге тілектестік білдіреміз! Деніңізге саулық, басыңызға амандық тілейміз! Әрдайым халқыңызбен бірге болып, елдік пен еркіндіктің символына айналған Елорданың ертеңіне жұмсаған қажыр-қайратыңыздың ақталғанының куәсі болып жүре беріңіз!

Құрметпен, елорда тұрғындары!» – деп елорданың жеке секторында тұратын азаматтар алғысын білдірді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109