2105

Игі істер марафоны: Елордалық еріктілер «Қамқорлық мекенжайы» акциясын жалғастыруда

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жалпыреспубликалық «Игі істер марафоны» аясында елордалық еріктілер мұқтаж жандарға азық-түлік себеттерін жеткізіп, «Қамқорлық мекенжайы» акциясын өткізуді жалғастыруда, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Жыл басынан бері акция аясында 4 000-нан астам азық-түлік себеті жеткізілді. Оған түрлі кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдардың меценаттары жұмыла көмектесіп келеді. Ал қаланың автоволонтерлері азық-түлік себеттерін жеткізуге атсалысады.

Волонтерлік ұйымдар 9 мамыр – Жеңіс күні құрметіне тыл ардагерлеріне, жалғызбасты зейнеткерлерге азық-түлік себеттері мен естелік сыйлықтар жеткізді.

Азық-түлік себеттеріне негізінен жалғызбасты қарт зейнеткерлер, әлеуметік аз қамтылған отбасылар мұқтаж.

Қала тұрғындары мұқтаж жандарға қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізіп, белсенділік танытуда. Елорданың кейбір тұрғындарына азық-түлік себеті, кеңес беру, қар күреу секілді көмек қажет. Еріктілер мұндай мекенжайларды тұрақты назарына алады.

Осылайша, бүгін еріктілер Сарыарқа ауданында жүйелі негізде көмек көрсетілетін жалғызбасты зейнеткерлер мен көпбалалы отбасылар тұратын мекенжайға барып қайтты.

Елордада акциялар санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып өткізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109