2225

Алтай Көлгінов елорданың "жасыл белдеуін" дамыту туралы айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында «жасыл белдеу» аумағында 9,6 миллионнан астам ағаш пен 1,8 миллионға жуық бұта өсетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елорданың "жасыл белдеуі" – қала қалқаны. Қаланың климаты тым континенттік екенін ескере отырып, "жасыл белдеу" экологияны айтарлықтай жақсартып қана қоймай, климаттық жағдайларды жұмсартуға мүмкіндік береді.

Біздің міндетіміз – қаланың «өкпесі» болып табылатын "жасыл белдеуді" қоректендіру. Тек биыл осы аумақта 900 мыңға жуық көшет отырғызамыз. Олардың жартысы қазірдің өзінде отырғызылды. Жалпы "жасыл белдеу" аумағында 9,6 миллионнан астам ағаш пен 1,8 миллионға жуық бұталар өседі.

Сонымен қатар фаунаны дамытумен де айналысамыз. Құстардың, соның ішінде қырғауыл санын көбейту үшін фазанарийді кеңейту және қайта құру жұмыстары жүргізілді. Бұл бізге қырғауыл санын жылына 2 мың құсқа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, қырғауылдарды өсіру – зиянкестерден (жәндіктерден) қорғаудың биологиялық әдісі, сонымен қатар қырғауылдардың тіршілік ету ортасының кеңеюіне ықпал етеді. Сонымен қатар "жасыл белдеу" аумағында қоян, түлкі, қарсақ, кекілік және т. б. тіршілік етеді.

Сондай-ақ белдеу аумағында ат жолын салу жұмыстарын жүргіземіз. Уақытты белсенді өткізу үшін скейтбордингке арналған алаңдарды жайластырамыз, теннис, футбол алаңдарын, балалар ойын аймақтарын және т. б. орнатамыз, сондай-ақ жаяу серуендеуге және кросс-кантри сабақтарына арналған жолдарды саламыз. Сонымен қатар қала тұрғындарына ұнаған веложол желісін кеңейтудеміз. 

"Жасыл белдеу" маңында қолданыстағы ипподром базасында ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалтуға арналған ат-спорт кешенінің құрылысын жүргізіп жатырмыз. Ипподром базасын 3 бағыт бойынша дамытамыз: иппотерапия, ұлттық және классикалық спорт түрлерін өткізу және дайындау, сондай-ақ туристік маршруттар – бұл жерде атпен серуендеу дамытылады.

Осылайша "жасыл белдеу " қала қалқанынан басқа, қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартылыс орны болып табылады, ол таза ауада уақыт өткізу үшін барынша қолайлы және тартымды», — деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109