1856

Елордада автобус паркінің қызметкерлері ағаш отырғызды

Нұр-Сұлтанда автобус паркінің қызметкерлері "Бірге-таза Қазақстан" экологиялық айлығы аясында өтіп жатқан "Өз ағашыңды отырғыз" челленджін қолдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға N3 автобус паркінің басшылығы мен қызметкерлері, ардагерлері, жастар атсалысты. Олар Нәжімеденов көшесінің бойын отырғызды.

«Барша жұртқа еліміздің басты қаласын көгалдандыру мен таза ұстауды дәстүрге айналдыруымыз қажет екенін айрықша атай келе, қала тұрғындарына осы акцияға қосылуға шақырамыз», - дейді Нұрбол Ысқақов.

Акция барысында аталған көшеге теректер мен шағын көшеттер отырғызылды.

Еске сала кетейік, елорданың барлық ауданында «Бірге — Таза Қазақстан» экологиялық айлығы өтіп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әкімдік саябақ аумақтарын, тұрғын үй алаптары мен аулаларды ғана емес, қаланың көрікті жерлерін де жаппай көгалдандырады. Қаланы жаппай көгалдандыру экологияны жақсартып қана қоймай, қала тұрғындары серуендейтін орын құруға, сонымен қатар қаланың климаттық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109