1814

Астана және Қоянды су қоймаларында күн сайын қорықшылық қызметі жүргізіледі

«Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ «Жаснұр» кәсіпорнымен бірлесіп, Астана және Қоянды су қоймаларының аумағында күн сайын қорықшылық қызмет жүргізеді. Осылайша, балық аулау, су қоймаларының ластану жағдайын бақылау және браконьерліктің жолын кесу қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл жұмыстар табиғи аумақтардың бекітілген учаскелерінде биологиялық ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында жүргізіледі.

Балық аулау ережелерінің сақталуын, сеніп тапсырылған аумақтың жай-күйін бақылауды жүзеге асыратын қорықшылық қызметке белгілі бір бағыт бекітілген.

Қорықшылық қызмет бір мезгілде күзетілетін аумақтағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жай-күйіне бақылау жүргізеді. Балық аулау әуесқойлары арасында тиісті ережелерді сақтау, сондай-ақ су қоймаларының санитарлық тазалығын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру үнемі жүргізіледі. Су қоймаларын браконьерліктен қорғау, жағасын қоқыстан тазарту, сол сияқты Қоянды және Астана су қоймалары аумағының ластануына жол бермеу бойынша алдын алу жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Биыл "Таза табиғат" ұлттық жобасының аясында өткізілетін "Таза су айдындары" экологиялық акциясының іс-шараларын іске асыру шеңберінде "ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" РММ-мен бірлесіп Астана және Қоянды су қоймаларында балық аулау қағидаларында рұқсат етілмеген аулау құралы ретінде тасталған 2 ау (синтетикалық моножіптерден жасалған) табылды. Сонымен қатар, әр су қоймасының аумағында 100 қап қоқыс жиналды.

Айта кету керек, 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында шортан, аққайран және көксерке сияқты балық түрлерін аулауға тыйым салынды. 20 мамырдан 20 маусымға дейін тұқы балық түрлерін аулауға тыйым салынады.

Уылдырық шашу кезеңінде инспекторлармен бірлесіп, құқық қорғау, табиғат қорғау органдарының өкілдерін жұмылдыра отырып, рейдтер жүргізеді. Шектеулер мен тыйымдарды бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамада 10-нан 20 АЕК-ке дейін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары қарастырылған. Бұл 29-58 мың теңге аралығын құрайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109