1800

«Жасыл белдеу» аумағында зиянды жәндіктерді жою жұмысы жүргізілуде

Орман алқабының өсуіне, дамуына және тұрақтылығына зиянды жәндіктер кері әсер етеді. Зиянкестер ағаштардың жай-күйін нашарлатпауы үшін "Астана орманы" ЖШС орман қорғау және күзету қызметінің мамандары оларды жою жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Зиянды жәндіктер қала ішінде орналасқан елорданың "жасыл белдеуінің" өсуіне, дамуына және тұрақтылығына кері әсер етеді.

Жаппай көбейетін зиянкестер ағаштардың күйін нашарлатып, олардың төзімділігін төмендетеді, соның салдарынан өсімдіктер қурап, айналасына пайдасын (қоршаған ортаны қорғау) тигізе алмайды. Сондықтан өсімдіктер мен ағаш түрлерін өсіру кезінде зиянкестер мен аурулардан қорғау проблемасы өзекті болады.

Жыл сайын елорданың "жасыл белдеуі" аумағын күзгі уақытта бірлескен зерттеу кезінде Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агро орман мелиорация ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары, "Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" ММ және "Астана орманы" ЖШС мамандары қыстайтын зиянкестердің санын анықтайды. Зерттеу нәтижелері бойынша келесі жылға орман зиянкестеріне қарсы жою іс-шараларының жоспары жасалады.

Көктемде зиянкестер дернәсілі пайда болғаннан кейін экономикалық зияндылық шегінен асқан кезде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтермен химиялық өңдеу жүргізіледі.

Қазіргі уақытта "Астана орманы" ЖШС орман қорғау және күзету қызметінің мамандары қайың ағашының зиянкестерін жою бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109