2093

«Жастар» сарайы қайта құру жұмыстарынан кейін қалай түрленбек?

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында «Жастар» театры жөндеуден өткеннен кейін қандай күйге енетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елордада бірнеше ондаған жылдар бойы тартымды жерлер болып келген бірқатар маңызды нысандар бар. Олардың қатарына спорт нысандары да, мәдени мекемелер де жатады.

Мысалы, «Жастар» сарайы 47 жыл бұрын салынған. Сол сәттен бастап ол – қаланың визит карточкасы. Қазір ғимаратта күрделі жөндеу жүргізудеміз. Бұрын бұл нысан жөнделмеген, бұл қайта құру қажеттілігіне алып келді. Нысанның сыртын, сондай-ақ бассейнді, сахнаны және т.б. жөндеу қажет. Бірақ фойедегі бірегей бояу, Таскөл жергілікті кен орнының мәрмәрланған әктасынан жасалған едендерді сақтаймыз.

Мұндай мәдени және спорттық нысандардың қала тұрғындары мен елорда қонақтары үшін әрдайым ашық болуы керек. Олар бос тұрмауы керек, мысалы, спорт нысандарында балаларға сабақ беру үшін сағаттар бөлінеді. "Жастар" сарайына келетін болсақ, оны толтыру бойынша тұжырымдама әзірленді.

"Жастар" сарайы креативті кластер үшін өзіндік жаңа аймақ болады, онда сурет галереялары, жастарға арналған коворкинг-орталықтар, перформансқа арналған аймақтар және т. б. орналасады.

Мұнда жастар өз әлеуетін іске асыра алады, идеяларын, ұсыныстарын талқылайды, тәжірибе, пікір алмасады. Осылайша "Жастар" сарайы биылдың өзінде креативті жастар үшін өзіндік шығармашылық хабқа айналады.
Мемлекет басшысы жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі», - деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109