3064

Елорданың екі ауданында су уақытша өшіріледі

«Астана су арнасы» сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы іс-шаралар өткізілетіні туралы мәлім етті. Осыған байланысты Есіл және Алматы аудандарында су уақытша өшіріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Коммуналдық кәсіпорын мына тұстарда жұмыс жүргізеді: Б.Момышұлы даңғылы мен Төлебаев көшесінің қиылысында жаңа магистралды су құбырын салу; Б.Момышұлы даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында қысым реттегішті бөлшектеу; Б.Момышұлы даңғылы, 1 ауданындағы шығын өлшегішті ауыстыру.

«21 мамыр күні сағат 22:00-ден 22 мамыр 09:00-ге дейін Есіл ауданында: Мәңгілік Ел даңғылы, Nova city ауданы, Заречный, Тельмано, Пригородный аудандары, BI Village/Family Village, Қабанбай батыр даңғылы, сондай-ақ Алматы ауданы бойынша: Мыңжылдық аллеясы ауданы, Оңтүстік-Шығыс ауданы, Қалдаяқов-Тәуелсіздік-Панфилов-Аманжолов көшелері аумағында ауыз су беру тоқтатылады. 22 мамырда сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жоғарыда аталған аудандар су құбыры желілерін іске қосу жұмысы жүргізіледі», - деп хабарлады «Астана су арнасы».

Бұл жұмыстар сумен жабдықтау желілерінің сапасы мен сенімділігін жақсарту үшін қажет. Қала тұрғындары мен қонақтарына уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытып, алдын ала қажетті көлемде ауыз су қорын дайындауды сұрайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109