Назарбаев Университетінің студенттері тағы да «Astana Startup Weekend» жеңімпазы атанды
Назарбаев Университетінің студенттері екінші жыл қатарынан
«Astana Startup Weekend» байқауының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды
Университеттің баспасөз қызметі.
«Биылғы жылы қазылар алқасы саңырауқұлақтардың арайы сұрыбының көмегімен қоқыс қалдықтарын қадеге асыру жобасын үздік деп таныды. Жоба авторлары – бірінші курс студенттері Әлібек Молдақожаев пен Ақерке Амангелдина 500 000 теңге көлемінде ақшалай жүлде алды», - делінген хабарламада.
Ақерке Амангелдин экономика факультетінің 1 курс студенті болса, Әлібек Молдақожаев – биология факультетінің бірінші курс студенті. Бұл Әлібек Молдақожаевтың екініш жеңісі. Өткен жылы ол Foundation бағдарламасы бойынша Бауыржан Оспан және Диас Әлімбаймен бірге «Fly farm» байқауында ұтып шыққан болатын. Жобаның мәні мынада: құстар үшін ақуызға толы жем әзірлеп шығаратын ферма құру. Айту керек, биылғы жылы «Робототехника мен мехатроника» мамандығының бірінші курс студенті Бауыржан Оспан өзінің «ASEMa-01» робот жобасын ұсынып, байқаудың финалына шықты.
Сонымен қатар, «Роботтехника және мехатроника» мамандығының бірінші курс студенті Диас Әлімбайдың жобасы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу бойынша қазылар алқасының назарына ұсынылып, «Үздік smart идея» жеке аталымына лайық деп танылды.
«OneLife» жобасы жоғары дәрежедегі бейне жабдықтарды пайдалана отырып, әсерін бақылау арқылы адамның микроқимылын біріздендірудің технологиялық мүмкіндіктерін ұсынады. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшылығының атынан Диасқа ноутбук табыс етілді.
Естеріңізге салсақ, «AstanaStartupWeekend» инновациялық жобалар конкурсы елордада екінші рет өткізіліп отыр, алғаш рет ол өткен жылдың ақпан айында өткен болатын.
Іс-шараның қатысушылары 54 сағаттың ішінде бизнес-жоспар әзірлеп, қазылар алқасының қарауына ұсынуы керек. Осы жылы StartupWeekend-а жобалары алдағы Экспо 2017 көрмесінің: «Ақылдылар», және «жасыл» технология» сынды өзекті тақырыптарына арналды.
Startup Weekend бастаушы кәсіпкерлердің негізгі бастамаларының бір бөлігі болып табылып, әлем бойынша 30 мың инноватордың желісін ұсынады. Статистика бойынша, осы бастама аясында құрылғын 36%-дан астам жаңа компания 3 ай бойы жұмыс істеуде. Сонымен қатар, қатысушылардың 80%-дан астамы жобада құрылған командамен жұмыстарын жалғастыруда. Startup Weekend әлемнің 100 елінің 175-тен астам қаласын біріктіреді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz