2764

Нұр-Сұлтанда заңсыз орналасқан базардың орнына қоғамдық кеңістік салынады

Елордада бос аумақтарды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қала тұрғындарының жайлылығына, сондай-ақ алаңдардың сырт көрінісін жақсартуға ерекше назар аударылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада заңсыз сауда орындарымен күрес жүріп жатыр.
Елордалық «Шапағат» коммуналдық базарының жанында заңсыз сауда жүргізілуде. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жергілікті атқарушы органдарға бұл маңайға шағын гүлзар немесе саябақ салу туралы өтініш білдірді.

«Базардың жанында тұрып жатқаныма 7 жыл болды. Ана ретінде үйіміздің маңында болып жатқан жағдайға қатты алаңдаймын. Осыған байланысты әкімдікке жүгіндік. Әрине, жағдайдың жақсы жағына қарай өзгергенін қалаймын», - дейді аудан тұрғыны Зарина Исказина.

Полиция аталған сауда орнының қызметі Жер және Кәсіпкерлік заңының талаптарына сай келмейтінін мәлім етті. Құқық қорғау органдарының мамандары тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бірақ айыппұлдың жиі салынғанына қарамастан саудагерлер саудасын тоқтатар емес. Сонымен қатар, әкімдік өкілдерімен кездесуде өздерінің түйткілді проблемалары туралы айтып, сауданы өзге орынға көшіруге дайын екендіктерін білдірді.

«Ең алдымен, бұл базардың жұмысы Жер және Кәсіпкерлік заңына қайшы. Бұл жерде ешқандай санитарлық, қауіпсіздік ережелері сақталмайды. Сарыарқа ауданы әкімдігінің атына осы алаңда орналасқан үйлердің тұрғындарынан тұрақ аймағы бар аллея ашу туралы көптеген өтініш түсуде. Қазіргі уақытта Урбанистика орталығымен бірлесіп алаңның жобалық эскизін бекіту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аудандық әкімдіктің қызметкерлері саудагерлермен кездесіп, қабылдау ұйымдастырдық. Әрқайсысының мәселесін жеке қарастырып, құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңестер бердік. Ең бастысы саудагерлерге заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, басқа сауда орындарын ұсынып отырмыз», - деді Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Абдрахман Дауленбаев.

Саудагерлерге Джафар сауда үйінің жанынан және Ш.Қосшығұлұлы, 14 мекенжайынан орындар берілді. Қазіргі уақытта саудагерлердің басым бөлігі ұсынылған орындарда жұмысын жалғастыруға ниетті.

«Бізге ұсынған сауда орындары көңілімізден шықты. Бұрын күннің астында, жерде отырсақ, енді төбемізде шатыры бар, қоршалған, ыңғайлы орнымыз бар. Ең бастысы заңды түрде жұмыс істейтінімізге қуаныштымыз», - деді саудагер Сабира Қабидоллақызы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109