2257

Жарықтандыру, әлеуметтік нысандар, нөсер кәрізі: Үркер ауданында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасуда

Үркер ауданының инфрақұрылымын дамыту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы «Қараөткел (Ильинка) кентінің шығысына қарай жеке тұрғын үйге инженерлік желілер» жобасын іске асыру аясында биыл 10 кәріз-сорғы станциясын монтаждау, сол сияқты 5 км-дан астам кәріз желілерінің құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр.

Қазір 1 және 4 кезек бойынша желілердің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, Есіл ауданы әкімдігімен түнгі жарықтандыруды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, биыл жаяу жүргіншілер өткелін қамтамасыз ету мақсатында Доспамбет Жырау, Бекет Ата, Саттарханов секілді өзге де көшелерде жол құрылысы жүргізіледі.

Қазіргі уақытта 5 кәріз-сорғы станциясы тазартылып, іске қосылды. Сондай-ақ кәріз желілері бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша жұмыстар жандандырылды, нысанды 2021 жылдың соңында пайдалануға беру жоспарлануда. Инвесторлармен бірлесіп мектеп құрылысы бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Үркер тұрғын алабында 2 500-ден астам жасыл желек отырғызылып, екі заманауи қоғамдық кеңістік ашылды, оның ішінде балалар алаңы, work out аймағы, спорт алаңы бар. Абаттандыру жұмыстары жалғасады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109