2880

Есіл өзенінің бойындағы саябақ қалай түрленді

Есіл өзенінің жағасындағы саябақ қайта жөндеуден өтті. Ол ауқымы жағынан қаланың сол жағалауда орналасқан бақтардың ішінде ботаникалық бақтан кейін екінші орын алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Саябақта 20 мың шаршы метрден астам тас төсемі ауыстырылды. Апатты жағдайда тұрған субұрқақ кешенінің орнына бу әсері бар заманауи технология орнатылды.

2021 жылы Тұңғыш Президент Қоры саябақта жаңа ойын алаңын, work out кешенін орнатты. Осы жазда баскетбол алаңы мен ашық аспан астындағы іс-шараларға арналған көше сахнасы ашылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Нұр-Сұлтан әкімдігі 76 гектардан астам аумақты абаттандырды. Бұл — шамамен 150 аула және 60 қоғамдық кеңістік (саябақ, гүлзар, желекжол). Осылайша елорда тұрғындарының төрттен бір бөлігінің спортпен айналысуына және серуендеуіне жағдай жасалды. Биыл елордалықтардың жартысының ауласы абаттандырылады, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктер ашылады.

Аулаларды абаттандыру кезінде көгалдандыруға да ерекше көңіл бөлінеді. Биыл қалада 1 миллионнан астам жасыл желек (ағаш, бұта, көшет және т.б.) отырғызу, әсіресе елорданың "жасыл белдеуіне" отырғызу жоспарланып отыр.

Елорда "Нұр-Сұлтан — жайлы қала" мастер-жоспары аясында дамып келеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109