2416

Елордалық құтқарушылар орман өртін сөндіру бойынша оқу-жаттығу өткізді

Елордалық ТЖ департаментінде орман және дала өртін сөндіру кезінде практикалық іс-шараларды пысықтау бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шаралар азаматтық қорғау бөлімшелерінің, орман өрт сөндіру станцияларының, авариялық-құтқару қызметтерінің басшы құрамының практикалық дағдыларын пысықтау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде оларды аз уақытта әзірлікке келтіру мақсатында жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаз маусымы басталысымен жұрт табиғат аясында демалуға шыға бастайды. Алайда, олардың немқұрайлы әрекеттері өрттің болуына себепші болатыны өкінішті.

Құрғақ шөптің жануы, егер өрт уақытында жойылмаса, үлкен шығынға әкеп соқтыруы мүмкін. Көп жағдайда өрт құрылыстар мен тұрғын үйлерде шығады. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласының аумағында құрғақ шөптің өртенуіне қатысты 119 оқиға тіркелді. Ал өрттің жалпы ауданы 76,609 шаршы метрді құрайды.

Оқу-жаттығу шарттары бойынша құрғақ және ыстық ауа райының салдарынан елорданың барлық аумағында өрт қаупі туындайды. Демалуға келген жұрттың сөндірмей қалдырып кеткен ошағының салдарынан құрғақ шөп жанып, өрт ары қарай орман белдеуіне тарай бастады. Шақыру орнына өрт сөндіру қызметі, қаланың шұғыл және өзара іс-қимыл қызметтері (ТЖ департаменті, Полиция департаменті, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, "Астана Орманы" ЖШС, "Жасыл-Аймақ" РММ, "Зеленстрой" АҚ, "Астана Су Арнасы" МКМ) келіп, өртті жоюға кіріседі. Қатты желдің салдарынан 3 өрт ошағы пайда болды, өрт аумағы 5000 шаршы метрге дейін жетті. Өрт орнына "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы тік өрт сөндіру жүйесінің көмегімен келеді.

Әртүрлі деректер бойынша адам табиғи өрттердің шығуына 72-ден 99%-ға дейін кінәлі болып саналады. Туристер, саңырауқұлақ терушілер, балықшылар, тіпті ағаш кесушілер де қауіпсіздік талаптарын сақтамайды. Сол сияқты өрттің күшеюіне орман ағашын заңсыз кесумен және сатумен айналысатындар да кінәлі. Себебі кесілген ағаштың қалдықтары құрғап, тез жанып кетуге бейім болады.

Тәжірибе көрсеткендей, табиғи өрттердің пайда болу себептері әртүрлі болуы мүмкін:

- отты абайсыз қолдану;
- балалардың отпен ойнауы;
- тұрғын үйлердің маңында қоқыс жағу;
- шыны және т.б. арқылы күн сәулесінің шағылысу әсері.

«Табиғат аясына шыққан кезде, сөндірілмеген темекі тұқылын, сіріңкелерді лақтырмаңыз. Аң аулау барысында жанатын материалдардан жасалған оқ тығынын пайдаланбаңыз. Ал отты тек топырағы көрініп тұрған орынға жағыңыз. Демалатын орыннан кетерде отты сумен сөндіріп, толық өшкенге дейін үстіне топырақ үйіңіз. Сол сияқты шыны ыдыстың сынықтарын, қоқыс қалдырмаңыз», - дейді ТЖД баспасөз қызметі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109