2393

Нұр-Сұлтанда жүзуден қала және ел чемпионаты аяқталды

Жүзуден жасөпірімдер арасындағы Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионаты және ел чемпионаты өз мәресіне жетті.

Нұр-Сұлтан қаласында 18-21 мамыр аралығында 2005 жылы туған және одан кіші жастағы қыздар мен ұлдар арасында қаланың ашық чемпионаты және Қазақстан Республикасының біріншілігі өткізілді. Жарысқа 13 өңірден 240 спортшы қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Төрт күнге созылған ашық чемпионат қорытындысы бойынша елорда командасы 7 алтын, 7 күміс, 9 қола жүлдемен жалпы командалық есепте екінші орынды жеңіп алды.

Бірінші орын Алматы қаласы құрмасының еншісінде. Алматылық спортшылар чемпионатта 14 алтын, 15 күміс, 15 қола жүлдені жеңіп алды.

Үздік үштікті 5 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдемен Қарағанды облысының спортшылары қорытындылады.

Ашық чемпионатқа қатысушы команда өкілдері жарыстың ұйымдастырылуына жоғары баға берді.

«Жарыс жоғары деңгейде өтті. Екі спортшымыз “Үздік спортшы”, ал мен “Үздік жаттықтырушы” аталымына ие болдым. Нұр-Сұлтан қаласының спорт басқармасына Алматы қаласы командасы атынан зор алғысымызды білдіреміз. Мұндай ұйымдастыру деңгейін мен Қазақстанда әлі көрген жоқпын», — деді Алматы қаласы командасының жаттықтырушысы Павел Шленский. 

«Жарыс күндері спортшыларға барлық жағдай жасалды. Күтіп алу, қонақ үй, тамақтану барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Сондай-ақ бізге сіздердің бассейндеріңіз ұнады», — деді өз сөзінде Павлодар облысының жаттықтырушысы Кирилл Жамолиддинов.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Елорда әкімдігінің қолдауымен өткен Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионаты карантин талаптарына сай көрермендерсіз ұйымдастырылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109