2024

«Керуен» СОО ұжымы «Өз ағашыңды отырғыз» челленджін қолдады

«Керуен» СОО қызметкерлері Тұңғыш Президент саябағында ағаш отырғызып, елорданы көгалдандыруға өз үлестерін қосты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мамыр айында елорданың белсенді тұрғындары қаладағы бос орындарға ағаш отырғызу ісін үгіттейтін «Өз ағашыңды отырғыз» челленджін бастады. Бастаманы еңбек ұжымдары, қала кәсіпкерлері қолдады.

Бүгін челлендж аясында «Керуен» СОО «Build System» ЖШС қызметкерлері Тұңғыш Президент саябағында ағаш отырғызды.

«Біз бүгін «Build System» ЖШС қызметкерлерімен «Өз ағашыңды отырғыз» акциясына қатыстық. Қала тұрғындарын осы акцияға белсене қатысуға шақырамыз. Тұңғыш Президент саябағына ағаш отырғызуға мүмкіндік бергені үшін әкімдікке алғыс білдіреміз», - деп атап өтті «Build System» ЖШС бас инженері Михаил Мезенцев.

Айта кету керек, 1 гектар жапырақты ағаш жылына 100 тоннаға дейін шаң жинайды. Өсімдіктер шаңды ұстап, ауаны зиянды заттардан тазартады. Жылына 1 ағаш ауаны 27 кг ластанудан тазарта алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109