2191

Елорданың коттедж қалашықтарының тұрғындары қаланы көгалдандыру челленджіне қатысты

«Family Village» және «Family Town» коттедж қалашықтарының тұрғындары «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық айлығы аясында өткізілетін «Өз ағашыңды отырғыз» экочелленджіне қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала тұрғындары өз үйінің жанына 100-ге жуық терек отырғызды. Қала тұрғындарымен бірге Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов те ағаш отырғызуға қатысты.

«Осындай игі іске үлес қосып, қаламызды көгалдандыру челленджіне қатысу үшін әкімдіктің барлық жағдай жасағанына қуанып отырмыз. Жұмысқа қуана кірістік», - деді елорда тұрғыны Гүлбарам Алпысова.

Айта кету керек, осыған дейін «Өз ағашыңды отырғыз» челленджіне еңбек ұжымдары, кәсіпкерлер, танымал әртістер, спортшылар, қала тұрғындары қолдау көрсеткен.

«Бүгін бізде ағаш отырғызу акциясы өтіп жатыр. Біз, яғни «Family Village» және «Family Town» қалашықтарының тұрғындары осы челленджді қолдап, оған қатысуға шықтық. Елордамыз – жас қала, оны көгалдандыруымыз керек», - деді астаналық Әлия Ахметова.

Акция санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109