1836

«Астана Опера» маңына емен ағашы мен мамыргүл көшеті отырғызылды

«Астана Опера» маңындағы саябаққа 500 емен және 1000 мамыргүл көшеті отырғызылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мемлекеттік опера және балет театрына сілтеме жасап хабарлайды.

Көшет отырғызу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры, «Астана Опера» қамқорлық кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаева: «Өздеріңіз білетіндей, емен – ұзақ өмір ғұмыр символы. Орташа өмір сүру ұзақтығы 300-400 жыл. Ал мамыргүл көпшілік үшін көктемнің, жастықтың, жаңарудың нышаны. Көшеттер ғасырлар тоғысында бой көтерген жас әсем астанамыздың көркіне көрік қосады. Жасампаздық пен жаңаруға құлаш ұрған Елордада бұл жас көшеттер тамырын кеңге жайып, бас қаламен бірге өсіп, біте қайнаса берсін», - деп тілегін білдірді.  

Емен ағашы мен мамыргүл көшетін отырғызуға театр әртістерімен бірге ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, «Астана Опера» қамқорлық кеңесінің мүшелері: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич атсалысты.   

"Бүгін отырғызылған емен біздің климаттық жағдайға бейімделген. Ал мамыргүл осы өңірде көптеп кездеседі. Сол себепті, көшеттер жайқала өсіп, алып бәйтерекке айналып, Елорда тұрғындары мен қала қонақтарының жанына сая болады деп үміттенеміз", - деді «Астана Опера» театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров.

Мәуелі ағаш егіп, шаһардың көркеюіне атсалысқандар халықты ауыл-аймақты абаттандыру мен көгалдандыруға шақырды.

Айта кетейік, іс-шара қатаң санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109