1467

Бүгін елордада 3 500 түлек мектеп бітіреді

Соңғы қоңырау бүгін Астананың 82 жалпыбілім беретін мектебінде соғылады. 2013 жылдың 25 мамыры - 3 686 онбірінші сынып оқушысы үшін соңғы оқу күні болмақ.

Соңғы қоңырау бүгін Астананың 82 жалпыбілім беретін мектебінде соғылады. 2013 жылдың 25 мамыры -  3 686 онбірінші сынып оқушысы үшін соңғы оқу күні болмақ, -деп хабарлайды қалалық Білім басқармасынан. 

Мектеп бітірушілердің жалпы санынан 3292 түлек ҰБТ-ке қатысуға өтініш берді. Онбірінші сынып оқушылары арасында Бірыңғай ұлттық тест тапсырудан босатылғандар да бар. Олар халықаралық олимпиада мен ғылыми жоба жарысының жеңімпаздары және шетелдерде немесе колледждерде оқығысы келетін балалар. 2006 жылдан бері республиканың барлық аймақтары арасында  Астанада ҰБТ тапсыру нәтижелерінің жақсарғандығы байқалады.

Алайда, ең күрделі және жауапты сынақ алдында балалардың күнделікті кітап мүжуден бой сергітіп, демалу мүмкіндіктері туып отыр. Бүгін елорда мектеп бітірушілері үшін көптеген мерекелік іс-шаралар әзірленген.

Білім басқармасының мәліметі бойынша, 2012-2013 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты линейка қаланың барлық мектептерінде 25 мамыр күні 10.00-де басталады. Ал 12.00-ден 15.00-ге дейін Астананың үш алаңында: ҚР Қаржы министрлігі алдындағы, «Орбита» шағын ауданындағы алаң мен «Ғашықтар» паркінде мерекелік концерттер жоспарланған.

Еске салайық, 25 мамыр күні кеште 18.00-де Жаңа Мектеп оқушылары сарайында «Триумф» балы өтеді. Онда 300 халықаралық және республикалық олимпиаданың жеңімпаздарына құрмет көрсетіледі. Бал бағдарламасына – жүлдегерлерді дайындаған мұғалімдерді марапаттау мен мерекелік концерт енгізілген.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109