1975

Елордада «Visit Nur-Sultan» сертификаттау бағдарламасы таныстырылды

Жақында елордада «Astana Invest» ЖШС Нұр-Сұлтан қаласының қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында туризм индустриясының қатысушылары үшін "Visit Nur-Sultan" жаңа серіктестік бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараның спикері ретінде «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ басшысы Ерлан Бекмұрзаев, "AstanaInvest" ЖШС Басқарма төрағасы Ержан Балтаев, "Kazakh Tourism" ҰК АҚ Басқарушы директоры Талғат Аманбаев, сондай-ақ қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығының өкілі Анар Шаймұханова қатысты.

"Visit Nur-Sultan" туристік нарықтың барлық секторын қоғамдық тамақтану пункттерінен бастап көлік және сервистік компанияларға дейін біріктіретін Қазақстандағы жалғыз бағдарлама болады.

Кездесуге келгендер арасында The St Regis Astana, The Ritz-Carlton, Rixos President Astana, Hilton Garden Inn, Sheraton Nur-Sultan, Hilton Astana, Astana Marriot Hotel және басқа да көптеген қонақ үйлер халықаралық желілік қонақ үйлерінің өкілдері болды. Іс-шараның қонағы ретінде "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының өкілдері қатысты.

Тұсаукесер қорытындысы бойынша кездесуге қатысушылар сұрақтарын қойып, елордаға туристерді көптеп тартуға көмектесетін жаңа өзгерістер туралы ойларымен бөлісті.

Айта кетейік, іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109