2243

Нұр-Сұлтанда ұлттық ат спортынан республикалық жарыс өтті

Нұр-Сұлтан қаласында ат спортынан республикалық жарыс өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарыс Мәдениет және спорт министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен келісім бойынша «Атбегілер мен шабандоздар ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі бекіткен ат жарысы кестесіне сәйкес өткізілді.

«Бүгінгі ұлттық ат спорты шарасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Барлық ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді. Осындай ұлттық спорт түрлері дами берсін. Біз Мәдениет және спорт министрлігі әрдайым спорт жарыстарын қолдаймыз. Бүгін ат жарысқа жер-жерден 70-ке жуық шабандоз қатысуда. Барлық қатысушыға сәттілік тілеймін!» — деді Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев.

Аталған іс-шарада ветеринарлық регламент стандартының талаптарын сақтай отырып, спорттық жарыстарға қатысушыларды тестілеу үшін допинг-бақылау жүргізілді. Жылқылардан допинг-бақылау тест алу үшін арнайы комиссия құрылған.

«Атбегілер мен шабандоздар» ұйымы 2018 жылдың 20 желтоқсанында мемлекеттік тіркеуден өткен арнаулы ұйым. Оның негізгі мақсаты — тек даладағы бәйгелерді емес, барлық елді мекенде, оның ішінде қалалардағы ипподром жарыстарын өткізу.

Айта кетейік, республикалық жарыс санитарлық талаптарды сақтай отырып өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109