2204

Елордада оқушылардың жазғы демалысы қалай өтеді?

Елордада жазғы демалыс «Қазақстан балалары – жазды қуанышпен қарсы алады!» атты ұранымен өтеді. Жазғы кезеңде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі және балалардың шығармашылық дамуы үшін мүмкіндік болып саналады. Бұл туралы онлайн брифингте Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова мәлім етті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Римма Иманғазинованың айтуынша, жаз мезгілінде қала сыртындағы мына лагерьлердің жұмысы жандандырылады:

- 240 орындық «ARMAN» туристік-сауықтыру кешені;
- 160 орындық «Боровичок» сауықтыру лагері.

«Аталған лагерьлер қаладан 100 шақырым жерде, яғни Ақмола облысында орналасқан. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, 10 күннен 5 ауысым өткізу жоспарланып отыр. Лагерьлер 7 маусымнан 10 тамызға дейін ұйымдастырылады.

Штаттық қызметкерлер – тәлімгерлер, тәрбиешілер, медициналық қызметкерлер, аспаздар, техникалық қызметкерлер құрылды», - деді ол.

Сондай-ақ, әль-Фараби және Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының базаларында санитарлық нормаларды сақтай отырып балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жоспарлануда. Бірақ ас-суы қамтамасыз етілмейді.

Туындаған сұрақтар бойынша Білім басқармасының Call-орталығына 55-68-51 телефоны бойынша хабарласып біле аласыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109