2117

Баланы өрттен және терезеден құлаудан қалай қорғауға болады: Құтқарушылар кеңесі

Оқу жылы аяқталды, оқушылар жазғы демалысқа шығады. Осы кезеңде балалардың қауіпсіздігіне, жарақаттануының алдын алуға ерекше назар аудару қажет. Бұл туралы онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Спикердің айтуынша, соңғы үш жылда Нұр-Сұлтан қаласында өрттен 7 бала қаза тауып, 14 бала жарақат алды, сол сияқты терезеден құлауының 46 жағдайы тіркелді.

Елордалық ТЖД баланы өрттен қалай қорғауға болатыны туралы кеңес берді:

- Сіріңкені, шырпыларды балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз;
- Балаларға пеш жағуға, газ бен электр құрылғыларын пайдалануға рұқсат бермеңіз;
- Балаңыздың отпен ойнауына жол бермеңіз;
- Өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріңіз;
- Балаңызға жедел телефон нөмірлерін жаттатыңыз.

«Терезеден құлау жағдайы әсіресе қалаларда баланың жарақат алуы мен өліміне себеп болып жатады. Олар ашық терезенің алдында ойнауға құмар. Терезеден 3-7 жастағы балалар жиі құлайды. Бұл оның қауіпті әлі түсіне қоймайтын шағы. Сол сияқты үлкендердің терезе алдында ойнаудың қауіптілігін түсіндермегенінен болады. Қайғылы оқиғаның басым бөлігі негізінен үлкендердің назарынан тыс қалған уақытта болады. Осыған байланысты ата-аналардың абай болуын, балаларын терезесі ашық бөлмеге жалғыз қалдырмауын өтінеміз», - Еркін Отарғалымұлы.

Баланы терезеден құлаудың алдын алу үшін мына ережелерді білу және сақтау қажет:

- Балаңыз үйде болған кезде терезені ашпаңыз;
- Жиһазыңыздың орындарын ауыстырыңыз. Жиһазыңыз арқылы балаңыз терезенің алдына шығып алмасын. Егер бұл мүмкін болмаса терезенің алдында тұрған жиһаздың үстіне шығып ойнауына жол бермеңіз;
- Москит торына сенбеңіз. Ол қауіпсіз болып саналмайды. Қайта москит торы тұрғанда бала өзін қауіпсіз сезініп, соның салдарынан құлап кетуі жиі кездеседі;
- Мүмкіндігінше терезеңізді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз.
- Терезені бала өздігінен аша алмайтындай етіп оған блокаторлар орнатыңыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109