2435

Желекжолдар мен променадтар: Нұр-Сұлтанда театрлардың аумағы қалай абаттандырылады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында абаттандырылу жұмыстары қалай жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Егер вокзалдар мен әуежай қаланың қақпасы болса, театрлар мен мәдени нысандар елорданың келбетін қалыптастырады. Олар қаланы көркейтіп, қала тұрғындары мен елорда қонақтары үшін тартымды орындар болып табылады.

Биыл театрлардың аумағын ауқымды түрде абаттандыруды бастадық: жаяу жүргіншілер желекжолы мен променадтарды біріктіріп, жасыл бақтарды егеміз және т. б. Театр қойылымынан шыққаннан кейін, бос бетон жерлерді айналып өтуден гөрі абаттандырылған орындар болатын жасыл бақтардың бойымен серуендеу жағымды болары анық.

Мысалы, осы жылдың жазында қалалықтардың таза ауада жайлы уақыт өткізуі үшін "Жастар" сарайынан бастап жас көрерменнің музыкалық театрына дейінгі жолды "Театральный" жаяу жүргіншілер желекжолымен (Омаров көшесі) біріктіреміз.

Бүгінде Омаров көшесін Республика даңғылынан бастап жас көрерменнің музыкалық театрына дейін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Республика даңғылынан Әуезов көшесіне дейінгі бөлікте жобада қолданыстағы субұрқақты қайта жаңарту қарастырылған. "Халықтар достығы" монументінің айналасында жаңа субұрқақ кешені пайда болады. Одан құрғақ субұрқақпен аяқталатын жасанды ағын пайда болады. Ағын бойында су аттракциондары болады.

Жас көрерменнің музыкалық театрының жанында тағы бір құрғақ субұрқақ пайда болады. Бұл аумақта шағын сәулет нысандары, инсталляциялар, веложол, көлеңкелі қалқалар пайда болады. Сауда павильондарын, ойын аймақтары мен балалар алаңдарын орналастыруды қарастырдық.

Мәмбетов көшесі (Кенесары көшесінен Абай даңғылына дейін) жазғы уақытта демалыс күндері жаяу жүргінші жолы рөлін атқарады: автомобиль қозғалысына тыйым салынады. Аталған учаскеде концерттік аймақтар, арт-алаңдар, би аймақтарын орналастыруды жоспарлап отырмыз. Көркем көрмелер, тақырыптық қойылымдар, жәрмеңкелер өткізіледі. Бұл аймақ қала тұрғындарына арналған арбатқа айналады.

Сонымен қатар барлық аудандарда көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде, соның ішінде көрікті жерлердің аумағында.

Мысалы, "Астана Опера" аумағында жаңа емен бағы, бөртегүл бағы пайда болды. Онда біз шамамен 700 емен мен мыңдаған бөртегүл бұталарын отырғызамыз.

Осыған ұқсас жұмыстарды "Астана Балет" аумағында, "Қаздрамтеатрдың" жаңа ғимаратында, сондай-ақ Триатлон паркте және басқа да қоғамдық кеңістіктерде (саябақтар, скверлер, бульварлар) жүргіземіз. Қазірдің өзінде қалада "жасыл экоаймақ" бірнеше есе көп болды.

Қаламыз мәдени мегаполис болып табылады, бұл - әрбір тұрғынның және мәдениет қайраткерлерінің еңбегі. Елорданы "Нұр-Сұлтан - жайлы қала"мастер-жоспары аясында дамытудамыз», - деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109