1351

Астаналық түлектер болашаққа қақты

Бүгін еліміздің барлық өңірінде соңғы қоңырау соғылды. Мектеп түлектерін балалықтын болашаққа шығарып салу рәсімі Астанадағы №60 мектеп-лицейінде де өтті.

Бүгін еліміздің барлық өңірінде соңғы қоңырау соғылды. Мектеп түлектерін балалықтын  болашаққа шығарып салу рәсімі Астанадағы №60 мектеп-лицейінде де өтті. Мектеп партасымен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқалы отырған жеткіншектерді Астана қаласы Білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина, ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева құттықтады.

Эльмира Суханбердиева, №60 мектеп-лицейінің директоры:

Бүгін 127 оқушы біздің мектепті тәмамдады. Соның ішінде 22-сі халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Олар ҰБТ-ке қатыспайды. Өйткені,  бұл түлектерді тегін оқу бөлімінің студенттері қатарына қосуға болады. Олар Еуропаның Университеттерін таңдады. Алдағы уақытта Ресей, Германия, Франция, Славенияда білім алады. Сондай-ақ, 3 «Алтын белгі», 5 қызыл аттестатпен бітіруші бар.

Санаулы күндерден кейін мектеп бітіруші түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді. Биыл еліміз бойынша 143 000 оқушы мектеп бітіріп жатыр. Еске салайық, биыл Астана қаласы бойынша 3686 оқушы мектеп бітіреді. Соның ішінде 3292 оқушы ҰБТ қатысса, 379 оқушы өз мектептерінде емтихан тапсырады. Елордада 141 оқушы  - «Алтын белгіге» үміткер.

Бақтыгүл Төлебаева, №60 мектеп-лицейі қазақ тілі пәнінің мұғалімі:

Бүгін өте қобалжып тұрмын. Себебі,  түлектерімді 5-сыныптан бастап тәрбиелеп, үлкен өмір жолына шығарып жатырмын. Алдағы ҰБТ-ті жақсы тапсырып, келешекте өз орындарын тауып, білікті маман иелері болуына тілектеспін. Барлығына денсаулық, табыс, бақыт тілеймін.

Астаналық түлектер биыл  3, 5 және 7 маусымда ҰБТ тапсырады. Олай болса, барлық мектеп бітірушілерге ақ жол тілейміз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109