1539

Елордада 30 градус ыстық алдағы күндері де жалғасады

Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы ыстық болады деп болжам жасады. Елордада ауа температурасы 30 градустан жоғары деңгейде болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

25-26 мамырда Қазақстан аумағында ауа райы ыстық болады. Оңтүстіктен жылы және құрғақ ауа келеді.

«Елдің батысында 30...39°С, тіпті солтүстік жартысында да термометр бағандары күндізгі уақытта сирек байқалатын 32...38°С көрсетеді. Республиканың оңтүстік және шығыс аумағы да ыстық болады, оңтүстікте 30...40°С, шығыста 30...36°С-қа жетеді. Алайда, 27 мамырдан бастап Батыс, содан кейін солтүстік аймақтарға Батыс Еуропадан келетін антициклон әсер ете бастайды. Нәтижесінде батыс өңірлерде температураның 25...33°С-қа дейін, солтүстікте 18...28°С-қа дейін төмендейді», — деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Ертең, 26 мамырда елордада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 18-20 градус, күндіз 34-36 градус жылы болады.

27 мамырда оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 градус жылы болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109