1812

Өз күшіңізге сеніңіз – Алтай Көлгінов мектеп түлектеріне сәттілік тіледі

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында мектеп түлектерін құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Құрметті түлектер, бүгін – соңғы қоңырау, сіздердің және ата-аналарыңыздың өміріндегі ұмытылмас әрі әсерлі күндердің бірі. Ересек өмірге аяқ аттағалы отырсыздар. Өміріңізде жаңа, жауапты кезең басталмақ.

Осы жылдар ішінде мектеп қабырғасында мұғалімдердің қажырлы еңбегінің арқасында білім алдыңыздар, олимпиадаларға қатыстыңыздар, жүлделі орындарға ие болдыңыздар, жаңа достар таптыңыздар. Бір сөзбен айтқанда, тұлға ретінде қалыптасып, өстіңіздер!

Пандемия кезінде жауапкершілік, тәртіп, өзіндік жұмыс дағдылары сияқты ең жақсы қасиеттеріңізді көрсете білдіңіздер. Сіздер ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңыздың мақтанышысыздар. Алдағы уақытта сіздерді студенттік шақ, жаңа білім әлемі мен жаңа әсерлер күтуде.

Болашақ мамандық таңдадыңыздар. Бастысы, өз күшіңізге сеніңіздер. Өмірде қиындықтар болады, бірақ ең бастысы – қорықпау, әр кез еңселеріңізді түсірмеу, күн сайын еңбек ету.

Мемлекет сапалы білім алу үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі: мектептер салынып, гранттар бөлініп, жұмысқа орналасу кезінде көмек көрсетіліп жатыр. Ал педагогтар жылдан-жылға біліктілігін арттыруда. Тұрғын үй мәселесі де маңызды бағыттардың бірі. Осы мәселе бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауқымды жұмыс жүргізудеміз.

"Elorda Jastary" бағдарламасының тұжырымдамасы әзірленді. Онда негізгі бағыттар көрсетілген: сапалы және қолжетімді білім беру, жеңілдікпен берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмысқа орналасуға көмек көрсету және жастардың кәсіпкерлігін дамыту, кәсіптік бағдарлау, салауатты өмір салтын жүргізу және т. б.

Елорда – армандар орындалатын қала. Сіздердің де арман-мақсаттарыңыз міндетті түрде жүзеге асады! Өздеріңізге зор денсаулық, табыс тілеймін, биіктерді бағындырыңыздар!» - деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109