1939

Терезеден құлау: Елордалық дәрігерлер ата-ананың баласына мұқият болу керектігін ескертті

Мамандар жаздың жылы күндері басталуымен балалардың терезеден құлау жағдайы жиі кездесетінін мәлім етті. Балалар стационарларының медицина қызметкерлері атан-аналардың мұқият болып, баланы назардан тыс қалдырмау керек екенін кезекті рет ескертті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Маусымдық жарақаттардың ішінде терезеден құлау жағдайы ең ауыр болып саналады, дейді дәрігерлер.

«Өткен жылдың мамыр-қыркүйек айларында қаланың №2 Көпбейінді балалар ауруханасына 23 бала жеткізілді. Олар биіктіктен құлап, түрлі жарақат алған. Оның ішінде 18 бала шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Өкінішке орай, биіктен құлау оқиғасы азаюдың орнынан жыл сайын артып келеді», — деп атап өтті №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының хирургиялық блогының жетекшісі Ринат Бәйгереев.

Өткен демалыс күндері №2 ауруханаға терезеден құлаған үш бала жатқызылды. Оның ішінде 3 жастағы екі бала бірінен соң бірі жеткізілді.

«Балаларды реаниматологтар, травматологтар, нейрохирургтар, жақ-бет хирургтары тексерді. Диагноз: жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың контузиясы. Қазіргі уақытта тексеру мен емдеуді толық көлемде алуда», — деп толықтырды Ринат Бәйгереев.

Дәрігердің айтуынша, құлау кезінде ми, іш, кеуде және қаңқа жарақаттары жиі кездеседі. Құлаған балалар арасында мүгедек болып, өмір бойы мүгедектер арбасына таңылғандары да жоқ емес.

«Әрине, арасында таңқаларлық оқиғалар да болып тұрады. Бізде тіпті, 10 қабаттан құлап, денесінің бір бөлігі ғана көгерген жағдайлар болды. Ал кейде қайғылы жағдаймен аяқталып жатады, - деді хирург.

Дәрігерлер балаларға мұқият болу керек екенін ескертті. Үйіңіздегі жиһаздар бала үшін қауіпсіз күйде орналасуы қажет. Себебі жазатайым оқиғаның көбі бала назардан тыс қалған кезде, жиһаз арқылы терезе алдына шығып алу салдарынан болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109