2057

Елордалық ТЖД суға шомылу кезеңіне дайындық туралы айтты

Жазғы шомылу маусымы басталысымен елорданың ТЖ департаменті суға түсу кезінде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау бойынша қажетті іс-шаралар өткізуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде құтқарушы-сүңгуірлер дайындыққа келтірілді, сол сияқты жедел-құтқару техникасы, жүзу құралдары және т.б. тексерістен өтті.

Осы бағыттағы жұмыстар шомылу кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бекітілген іс-шараға сәйкес жүргізіледі.

«Күн сайын рейдтік іс-шараларға 80-ге жуық адам жұмылдырылады. Ал демалыс және мереке күндері қызметкерлер саны артады. Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша өткен демалыс күндері елорда тұрғындары мен қонақтарына 250-ден астам үгіт-насихат жүргізіліп, 12 әкімшілік хаттама толтырылды.

Әкімдікпен бірлесіп тыйым салатын белгілер мен ақпараттық стендтер орнатылуда (60 белгі және 14 стенд орнатылды), барлығы 90-нан астам тыйым салатын белгі, 30 ақпараттық стенд және шомылуға тыйым салынған жерлерде 20 жүзу белгісін орнату жоспарланып отыр», — деп хабарлады қалалық ТЖД.

Еске сала кетейік, елордада 23 шомылу орны анықталды, олардың үшеуі ғана рұқсат етілген: Орталық жағажай, «Три пескаря» және «Астаналық аула» демалыс аймақтары, қалған 20 орын — рұқсат етілмеген.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаментінде елорда тұрғындары мен қонақтарына абай болуды, рұқсат етілмеген орындарда мас күйінде шомылмауды, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды, балаларды қараусыз қалдырмауды, көпір мен қайықтан суға секірмеуді, қоршау белгілерінен асып жүзбеуді ескертті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109