Елордада ЭКСПО 2017-ге арналған ағылшын тілі мұғалімдері арасында байқау аяқталды
Астанада ағылшын тілі мұғалімдері арасында қалалық байқаудың
қорытындысы шығарылды. Байқау елордада «Экспо -2017» халықаралық көрмесі өтетіні туралы белгілі
болғаннан кейін бірден жарияланды, - деп хабарлайды қалалық Білім басқармасы.
«Байқаудың бірінші турында мұғалімдер: «Экспо 2017- Қазақстанның келбетін таныт» тақырыбында эссе жазды. Екінші турда ағылшын тілін белгілі дәрежеде білу мен сабақ беру әдісін көрсету тестісі өтті. Үшінші тур – шығармашылыққа арналды. Мұнда финалға шыққандар өздерінің таланттарын көрсетіп, мектептен тыс өмірдегі айналысатын машықтарын ортаға салды», - делінген хабарламада.
Бір айта кетерлігі, қазылар алқасының құрамына 2-3 шетел тілін меңгерген кәсіби педагогтар енді. Олардың арасында- ағылшын тілін жетік меңгерген және орыс тілінде сөйлейтін Наварро Тео-Мальтадан келген ағылшын тілінің оқытушысы, Людвиг Ван Гран, Оңтүстік-Африка Республикасының өкілі және Каролин Бертоне- Франциядан келген өкіл бар. Сонымен қатар, қазылар алқасының құрметті мүшесі бес тілді еркін меңгерген Германиядан келген Таня Унтербергер болды.
Астана қалалық №25 орта мектептің мұғалімі Власова Мария Юрьевна сайыстың жеңімпазы атанды. Жеңімпазға жүлде ретінде Англияға екі апталық сапарға сертификат берілді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz