Бүгін Астанада 2000-ға тарта мектеп бітіруші ҰБТ тапсырады
Бүгін елміздің барлық мектептерінде ең жауапты, ең
толғанысты сәт – Ұлттық бірыңғай тест тапсыру басталды. Республика бойынша 56
тестілеу орталығында 25756 түлек бақ сынайды.
Елордада ҰБТ үш университет базасында өтуде. Олар: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және Қазақ гуманитарлық заң университеті. Осы университеттер базасында бірінші күні 2000-ға тарта мектеп біруші тест тапсыруға отырды. Тест тапсыру 3,5,7 маусым күндері өтеді.
Тұтастай алғанда, Астанада тестке 82 жалпы білім беретін мектептің түлектері қатысады. Қалалық Білім басқармасының мәліметі бойынша, ол – 3686 адам. Мектеп бітірушілердің жалпы санының 3292-і ҰБТ тапсыруға өтініш берді. Онбірінші сынып оқушылары арасында ҰБТ тапсырудан босатылғандар бар. Олар – халықаралық олимиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары, шетелдерде оқығысы немесе колледждерге түскісі келетін балалар.
ҚР Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-да биылғы жылы еш өзгеріс болмайтынын мәлімдеді. ҰБТ тестілік тапсырмасы базасында 160 мыңнан аса тест сұрақтары бар. Олардың 20 900-і биылғы жылы салынған. Олардың 3000-ы бір тапсырма нұсқасы енгізілген математикадан логикалық сипаттағы сұрақ. Ал, Қазақстан тарихы пәні бойынша ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институты тәуелсіз сараптама жүргізді.
Еске салайық, 2013 жылдың 3-і мен 15 маусым аралығында республикада Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) өткізіледі. Оған республика бойынша 99 565 мектеп бітіруші қатысуы жоспарланған. Бұл жалпы санның 69 %-ы. Соның ішінде: 68 316 қазақ мектептерінде, 31 249-ы орыс мектептерінде оқитын түлектер.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz