1744

Елордалық он мектеп еліміздің ТОП-100 олимпиадалық мектебінің қатарына енді

Елордалық он мектеп «2020-2021 оқу жылының республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстанның 100 үздік олимпиадалық мектебі» тізіміне енді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық білім басқармасының басшысы Шәкәрім Сейсенбайдың айтуынша, оқу жылының қорытындысы бойынша 110 астаналық оқушы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне өтіп, 68 жүлделі орынға (11 алтын, 24 күміс және 33 қола медаль) ие болды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 3 елордалық мектеп жүлделі орынға ие болып, «Үздік олимпиадалық мектеп» атағына ие болды: Дарынды жасөспірімдерге арналған БИЛ, NURORDA мектеп-лицейі, № 46 мектеп-гимназиясы.

«Халықаралық және республикалық олимпиадалардың үздік түлектері мен жеңімпаздарын атап өту қажет. Олар: Данат Дүйсенбеков – Spectrum (математика), Ділнәз Уәлиева – «Зерде» (математика), Аманбол Қанатұлы – NURORDA мектеп-лицейі (информатика), Сейсенбұл Бақдәулет – дарынды жастарға арналған БИЛ (химия), Фетуллах Сам – БИЛ жасөспірімдерге арналған (математика). Аты аталған оқушылар әлемнің түрлі жоғары оқу орындарына шақырту алған», — деді Шәкәрім Сейсенбай.

Елордалық 10 мектеп «2020-2021 оқу жылының республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстанның ТОП-100 олимпиадалық мектебі» тобына енді.

«Біздің құрама кезекті рет «Үздік олимпиадалық команда» атағын қорғап, командалық бірінші орынға ие болды», — деп толықтырды елорданың бас педагогы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109