1584

ТЖД ескертеді: Қураған ағаш пен терек мамықтары қауіп төндіреді

Қураған ағаш пен терек мамығының жануы көбінесе үлкен өртке әкеп соғады. Сондықтан елордалық құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарын абай болуға және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Өрт қауіпті кезеңде теректердің гүлденуі үлкен қауіп төндіреді.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру бөлімшелері 24 мамыр күні 53 рет терек мамығының жануына байланысты орын алған өрт орындарына шықты.

Ал терек мамығын сөндіруге барлығы 105 рет шықты.

Құтқарушылар мына жайтты қаперде ұстау керектігін ескертеді: Терек мамығы тез тұтанады және үлкен өртке, тіпті адам өліміне әкелуі мүмкін. Өрттен негізінен ағаштарға зиян тиеді.

Терек мамығының жануына байланысты өртті болдырмау және азайту мақсатында, сондай-ақ тұрақты және ыстық ауа райын ескере отырып, коммуналдық қызметтердің, пәтер иелері кооперативтерінің аулаларды, тротуарларды, сондай-ақ от тез таралатын терек мамығы жиналған басқа да орындарды тазалау, жинау және төгу жөніндегі шараларға бағытталған жұмысын күшейту қажет.

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою мақсатында 2021 жылғы өрт қауіпті маусымда «Өрт қауіпті кезеңде қаланың аумақтық шекараларында орман-дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді. Қала шекарасының периметріндегі 6 бағыт бойынша жылжымалы бекеттер ұйымдастырылды. Қала периметрі бойынша ашық аумақтарда өрттерді уақытылы анықтау үшін ТЖД күштері мен құралдарын жедел басқару орталығына суреттерді шығара отырып, биік ғимараттарда бейнебақылау камералары орнатылды. Қала айналасындағы жасыл белдеуде өртті анықтау және жедел хабарлау үшін қосымша бақылау мұнаралары орнатылды, онда орманшылар дүрбімен кезекшілік етеді.

Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері әкімшілік ықпал ету ретінде Полиция департаменті мен ТЖ департаменті жалпы сомасы 2 млн 108 мың 591 теңгеге 368 әкімшілік хаттама жасады.

Есепті кезеңде биыл 22 мамырдағы жағдай бойынша елорда аумағында 180 қурайдың өртенуі тіркелді (2020 ж. – 56 жағдай), ал өрттің жалпы ауданы 80 267 шаршы метрді (2020 ж. 10 992 шаршы метр) құрады.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мынадай қарапайым ережелерді ұстану керектігін еске салды:
- кез-келген ашық отты пайдаланғанда сақ болыңыз;
- жасөспірімдер мен балалардың мамық өртеу ойындарына жол бермеңіз. Отпен ойнау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін түсіндіріңіз;
- терек мамығының жануын болдырмас үшін коммуналдық қызметтер мен ПИК терек мамығының жиналу орындарын, аулаларды, жаяу жүретін жолдарды, сондай-ақ терек мамығының жиналу орындарын дер кезінде тазалауы, жинауы және төгуі қажет;
- жеке сектор тұрғындары үй маңындағы аумақтарды тазалауы қажет;
- табиғат аясына демалуға шыққан кезде жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастамау, балалардың сіріңке және отпен ойнауына жол бермеу, аң аулауда жанатын материалдардан жасалған оқтарды пайдаланбау, от жақпау және құрылыстардың жанында қоқысты өртемеу қажет;
- отты тек топырағы көрініп тұрған орынға жағыңыз. Демалу орнынан шыққан кезде отты сумен сөндіріңіз немесе от сөнгенше топырақпен көміңіз;
- шыны ыдыс пен сынған әйнекті қалдырмаңыз. Басталған өртті сумен, ұзындығы 2 метрге дейінгі ағаш бұтақтарымен сөндіріңіз немесе топырақ лақтырыңыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109