1514

Алтай Көлгінов пара жүзуден Еуропа чемпионы Сиязбек Далиевпен кездесті

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пара жүзуден Еуропа чемпионы Сиязбек Далиевпен кездесті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Португалияның Мадейра аралында өткен пара жүзуден Еуропа чемпионатында елорда тұрғыны Сиязбек Далиев алтын медаль алды. Ол баттерфляй стилінде 50 м қашықтықты 35,7 секундта жүзіп шықты.

Сиязбек – пара жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2018 жылғы Азия ойындарының пара чемпионы, 2019 жылы Лондонда өткен паралимпиадалық жүзуден әлем чемпионатының финалисі.
Қазір ол балаларды оқытады, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде, ерекше қажеттілігі бар спортшыларға арналған спорт мектебінде еңбек етіп, өз тәжірибесімен бөліседі.

Елордада оңалту орталықтары желісін кеңейту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қалада халықаралық деңгейдегі мамандандырылған паралимпиадалық жаттығу орталығы жұмыс істейді. Ерекше қажеттілігі бар тұрғындар үшін тегін. Орталықта спорттың 17 түрі бойынша жаттығулар өткізіледі, 3,5 мың адамды қамтуға жағдай жасалған.

Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін спорт кешенін саламыз. Онда келесі пәндерді енгізуді жоспарлап отырмыз: көру қабілеті бұзылған балаларға арналған футбол, арбадағы баскетбол, арбадағы регби және т. б. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Осы жылдың бірінші жартысында көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша ашамыз. Мекеме 90 орынға есептелген, Сарыарқа ауданында орналасқан (Кенесары көшесі, 9/1).

Тек өткен жылдың өзінде "Асыл мирас", "Erekshe balalar", "Орда", "Қамқорлық" сияқты бірқатар ірі оңалту орталықтары ашылды.

Әр жеңіс күш-жігерді, үнемі жаттығуды, дайындықты талап етеді. Спортшыларымыздың ерік-жігері жастарға үлгі болса, олардың жоғары жетістіктері еліміздің әлемдік аренадағы беделінің нығаюына септігін тигізіп келеді. Өз тарапымыздан спортпен айналысу үшін бұдан әрі де қолдау көрсетіп, жағдай жасаймыз», — деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109