1453

Елорданың мектеп жанындағы лагерлері жазғы демалысқа дайындалуда

Жазғы демалыста оқушылардың уақыты босқа кетпеуі үшін Астананың мектеп жанындағы лагерлері дайындықты қазірден бастап кетті.

Жазғы демалыста оқушылардың уақыты босқа кетпеуі үшін Астананың мектеп жанындағы лагерлері дайындықты қазірден бастап кетті. Бұл туралы Астана қаласы ТЖД-нен хабарлады. Ағымдағы жылдың 27-30 мамыр аралығында Мемлекеттік өрт қадағалау басқармасы мен Астана қаласы ТЖД- нің судан құтқару қызметі, Білім басқармасы өкілдері және өзге де қала мекемелері мектеп жанындағы  жазғы лагерлердің күндізгі ауысымына қабылдауға қатысты.

Комиссиялық тексеріс нәтижесінде мектеп жанындағы лагерлер 2013 жылдың жазғы демалыс маусымына бала қабылдап, демалыстың қызықты әрі пайдалы өтуіне дайын екендігі анықталды. Сондай-ақ, баспасөз қызметі болмашы кедергілерге дереу шара қолданылғандығын баса айтқан.

Бүгінде барлық мектептерде өртке қарсы және судағы қауіпсіздік шаралары жөнінде арнайы орындар бар. Ал, әдістемелік материалдар сәуір айында Білім басқармасы өткізген  «Жазғы демалысты ұйымдастыру, сауықтыру және балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қамтамасыз ету» атты жалпықалалық семинарында ұсынылған болатын.

Тексеру нәтижесінен кейін шара қолданылатын ақпараттар Астана қаласы Білім басқармасы мен Астана қаласы әкімдігіне жіберілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109