1826

Қауіпсіз мектеп, студенттік карта және қолжетімді камералар: Елорданың IT-кеңесінде бірқатар жоба қаралды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен елордада бесінші IT-кеңес өтті. Кездесу барысында қаланың 5 негізгі міндеті таныстырылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Кездесуде елорданың цифрландыру басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек қалалық IT-кеңестің қазіргі қызметі туралы айтып берді.

TargetAI дамыту жөніндегі жетекшісі Д.Панченко қалада бейнеталдау жүйесін қолдану мысалдары туралы баяндама жасады. Ол жұмыстың 5 негізгі бағытын атап өтті: қауіпсіз мектептер – баланың мектепке келуін растау, болмаған жағдайда – ата-аналарға хабарлау; өрт немесе басқа да төтенше жағдай кезінде ТЖМ үшін камералардың қолжетімділігі; қаладағы құрылыс/жөндеу алаңдарын бақылау; мердігерлерді және қала аумақтарын жинау сапасын бақылау, бұл қаланы тазалауды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Қалалық бейнебақылау камераларының мониторинг жүйесін енгізу камералардың жұмыс уақыты туралы нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.

«STEM Academy» ЖШС жаңа әзірлемелер жөніндегі департамент директоры М.Қыстаубаев кеңес мүшелеріне ROQED SCIENCE қашықтықтан оқытудың жетілдірілген әдістерін көрсетті.

Сонымен қатар, IT-кеңесте елорда тұрғынының жобасы таныстырылды, оның идеясы Birge платформасында ұсынылды және қала тұрғындарының онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша бірінші орынға ие болды. «Student Life» идеясының авторы – Д.Нұғыманов. Жобаның мақсаты – студенттердің оқу үлгерімі мен білім сапасын арттыруға қолжетімділігі.

«Астана IT University» ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры А.Белощицкий елордада жүзеге асыру үшін университет базасында әзірленіп жатқан жобалар туралы айтып берді. Олардың мақсаты – төтенше жағдай кезінде цифрлық алгоритмдерді іске асыру.

IT-қоғамдастықтың кездесуін қорытындылай келе, елорда әкімі Алтай Көлгінов аталған шешімдерінің әрқайсысы бойынша өз ұсыныстарын атап өтті.

Осы мақсаттағы IT-кеңестің жұмысы жалғасатын болады, жақын арада қаланың цифрландырушыларымен бірқатар кездесу жоспарланып отыр.

Шара санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, IT-кеңес құрылған сәттен бастап 5 кездесу өткізіліп, оның аясында бірқатар инновациялық шешім таныстырылды. Қаралған 11 шешімнің ішінде қаланың алға қойған міндеті бойынша 6 жоба енгізілді.

Елорданың IT-кеңесінің негізгі міндеті – IT-индустрияға қатысушылардың бірігіп жұмыс істеуі. Мұнда әркімнің цифрландыру саласындағы қаланың бірыңғай экожүйесін іске асыруға қатысты көзқарасын білдіруге, қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін цифрлық жобаны таныстыруға, сондай-ақ болашақ IT-жобаларды іске асыру бойынша ұсыныстарымен бөлісуге мүмкіндігі бар.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109