2650

Елордада 7 маусымнан 10 тамызға дейін мектеп оқушылары үшін жазғы лагерь ұйымдастырылады

Биыл балалар үшін жазғы демалыс ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» тақырыбымен ұйымдастырылады. Бұл туралы Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Имангазинова мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Балаларымыз үшін жазғы демалыс компаниясы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынған алгоритмді және балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру кезіндегі санитариялық талаптарды сақтай отырып, 1 маусым мен 30 маусым аралығында Оқушылар сарайлары жанында «Жазғы демалыс академиясының», көркем және музыкалық мектептерде, Техникалық шығармашылық орталықтарда, Арқа алаң, Арт тұмар орталықтарында үйірмелер мен секциялардың ашылуымен басталады. Бұл ретте тамақтандыру ұйымдастырылмайды», - дейді.

Жазғы лагерьлер 7 маусымнан 10 тамыз аралығында өтеді. Осы аралықта әрқайсысы 10 күннен 5 маусымдық қала сыртындағы 2 лагерь ашылады. Нақтырақ айтсақ:

- 240 орындық «ARMAN» туристік-сауықтыру кешені;
- 160 орындық «Боровичок» сауықтыру лагері.

Аталмыш лагерьлер Ақмола облысында, қаладан 100 км қашықтықта орналасқан.

Егер өңір қызыл аймақта болған жағдайда лагерь толымдылығы 30%-ға дейін, сары аймақта 50%-ға дейін, ал жасыл аймақта саны шектеусіз болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109