1724

Елордада «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша қандай шаруалар атқарылып жатыр

Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Жасыл ел» әлеуметтік жастар жобасы аясында мектептер мен колледждердің 14 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылары осы жылдың 1 маусымы мен 10 тамызы аралығында жазғы кезеңде жұмыспен қамтылады. Негізінен көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан, есепте тұрған балалар мен жетім балаларға көңіл бөлінеді. Жалпы саны 700-ге жуық баланы қамту жоспарланып отыр. Бағдарлама аясында мектептермен шарттар жасалады, балалар мектеп жанындағы учаскелерде жұмыс істейді, мектеп аумағын көгалдандырумен айналысады. Жоба бойынша айына 60 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы қарастырылған», - дейді ведомство басшысының орынбасары.

Бұдан басқа, 1 маусым мен 25 тамыз аралығында біздің балаларымызға білім беру ұйымдары базасында онлайн алаңдар қолжетімді болады. Нақты құрылған жұмыс балаларға таңертеңнен бастап қызықты және пайдалы білім алуға мүмкіндік береді. Мұнда балалар өздерін IT-бағыттардың әртүрлі рөлдерінде сынап көре алады: бағдарламалау, дизайн, жүйелік басқару, ойындарды әзірлеу және тағы басқалар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109