2394

Елордалық балаларда инсект аллергиясының пайда болу жағдайы жиілеп кетті

Елордалық дәрігерлер инсектік аллергиясы бар балалардың стационарларға жүгіну жағдайы жиілеп кеткенін мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

№ 1 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының медицина қызметкерлерінің айтуынша, аталмыш аллергиялық реакция жәндіктердің шағып алуынан болады.

«Антигендер – жәндіктердің, дернәсілдердің денесінің бөлшегі, уы, сілекейі секілді өзге де инсектіктивті компоненттері. Бұл аллергия негізінен шағып алған кезде пайда болады. Сол сияқты шағатын жәндік терісінің бір қабаты мұрын арқылы ағзаға түскенде болады. Бұдан бөлек бал, дәрі-дәрмектер, нақтырақ айтқанда шағатын жәндіктердің азығы болып есептелетін прополисті қолданғанда шығады», - дейді иммунолог-дәрігер, аллерголог Нұрлан Өтелбаев.

Дәрігер аллергиялық реакциялар жергілікті және жүйелік болып бөлінетінін атап өтті. Оның айтуынша, жәндіктердің шаққаннан кейін орны ауырсынып, өтпелі эритема болатынын және кішкентай ісіну болатынын жеткізді.

«Аллергиялық реакция әдетте бірнеше сағатта басылады. Ісінудің үлкені – 10 см-дан асатыны шаққаннан кейін бірнеше минут немесе сағаттан (10-15 сағат) соң шығып, 24 сағаттан аса уақыт сақталады», - дейді дәрігер.

Соңғы бір айдың ішінде аталмыш ауруханаға инсект аллергиясымен түрлі жастағы 15-ке жуық бала жүгінген.

Тез таралатын гиперемия және ісіну, ары қарай қышумен жалғасады. Ол 5-6 күн сақталып, 8-12 күн аралығында кетеді. Көбінесе аяқ-қолдардағы лимфа түйіндері ісініп, температура көтеріледі, дейді маман.

«Уланудың бактериостатикалық әсеріне байланысты балаларда шағу инфекциясы өте сирек кездеседі. Ал ауыз қуысы мен тамағының ісінуі қауіпті белгі болып саналады. Сол сияқты көмей де ісінуі мүмкін. Жүйелі реакция кезінде мынадай қиындықтар да болуы мүмкін: ангиоэдема, кеуде қуысының қысылуы, жүрек айну, құсу, диарея, іштің ауыруы, бас айналу», - деді маман.

Ең қауіпті асқыну – анафилактикалық шок: қан қысымының төмендеуі, коллапс, есінің жоғалуы, еріксіз зәр шығару, дефекация, цианоз.

Дәрігерлер шаққан орынға және оның айналасына суық нәрсе қойып, медициналық көмекке жүгіну керектігін ескертеді.

Шағу ықтималдығын болдырмау немесе едәуір азайту үшін мынадай сақтық шараларын сақтау керек:

- сыртқа шыққанда барынша жабық киіммен шығу;

- шөп үстінде жалаң аяқ жүрмеу (жәндікті басып кету қаупі жоғары);

- прополисті емдік үшін қолдануға болмайды;

- омарталар мен базарларға, пикниктерге бармау;

- физикалық күш салып жұмыс істеуге болмайды (адам денесінен бөлініп шыққан тер жәндіктерді тартады);

- жәндіктердің ұялары шөптерде, бұталарда, шатырларда, назардан тыс қалған орындарда болуы мүмкін екенін ұмытпаңыз;

- жәндікті өз ұясының жанында өлтіруге болмайды;

- парфюмерия, лак, крем пайдаланбаңыз, өйткені олардың иісі жәндіктерді тартады;

- араға немесе араның қасында тұрып жылдам қозғалыс жасамаңыз;

- бас киім киюді ұмытпаңыз, өйткені шашқа оралған жәндік міндетті түрде шағып алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109