1667

Елордада «Біз – бақытты отбасымыз» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық Отбасы күніне орай «Біз – бақытты отбасымыз» атты қалалық бейнероликтер байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға оқушылар мен олардың ата-аналары қатысты.

Конкурсқа Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі мекемелерінен 16, мектептерден 71, колледждерден 13, барлығы 90 отбасы қатысты.

«Бүкіл әлемді жайлаған пандемия кезеңінің алғашқы кездері бәрімізге ауыр болғаны рас. Біз сол қиын-қыстау кезде ата-аналармен жұмыс жүргізіп, онлайн түрде семинарлар өткізіп тұрдық. Былтырдан бері түрлі отбасылармен жұмыс істеп, қашықтан байланыс жасау арқылы осы сайысты қолға алған болатынбыз. Ол кезде 17 отбасы қатысты. Бұл бастамамыз өте жақсы қолдау тауып, биыл сайысқа 90 отбасы қатысуда. Сол 90 отбасының ішінен оза шапқанын анықтап, барлық критерий бойынша сараптаған кезде 32 үздік бейнероликті таңдап алдық. Олардың ішіндегі 10 отбасын бүгінгі марапаттау рәсіміне шақырдық. Отан — отбасынан басталады. Биыл – Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Мемлекетіміз мықты болып, өркендеп дамуына әрбір отбасының үлесі бар деп ойлаймын. Себебі отбасы — шағын мемлекет. Әрбір отбасы бақытты болуға лайықты», — деді «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы директорының орынбасары Гүлбақыт Буралкиева.

Қатысушылар берілген уақыт ішінде отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді, отбасы ынтымақтастығын, мәдениетті қарым-қатынасты көрсете білген. Қазылар алқасы қатысушылардың бейнероликтерін бағалау критерийлері арқылы іріктеп, конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін «Дәстүр ұйытқысы отбасы», «Әншілер отбасы», «Еңбекқор отбасы», «Спортшы отбасы», «Өнерлі отбасы», «Креативті отбасы», «Мерейлі отбасы» секілді түрлі номинацилар бойынша анықтады.

«Біз – бақытты отбасымыз» қалалық бейнероликтер байқауының бас жүлдесіне Әміржановтар отбасы ие болды.

«Біз — көпбалалы отбасымыз. Сонымен қатар ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға да көмегімізді беріп тұрамыз. Оларды спортқа баулып, еңбекқорлыққа үйрету арқылы көп жұмыс істейміз. Өзіміздің туған төрт баламыз болғанына қарамастан, өзге де балаларды қанатымызға алып, өз балаларымыздай көріп, мейірімділік танытамыз. Әр баланың өзіндік арманы болады. Сол армандардың орындалуына себепкер болып, сенімділік қалыптасыруға тырысамыз», — деді Аида Әміржанова.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының бас жүлде, I, II, III орын дипломдарымен марапатталды және «Go-Make» ҚҚ-ның қолдауымен ақшалай сыйақы табысталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109