1710

Қолжетімді спорт: Елордада балалар үшін спорттық демалыс ұйымдастырылады

Елордада балалар мен жасөспірімдердің жаз мезгілінде демалысын пайдалы өткізуі үшін арнайы «қолжетімді спорт» бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама бойынша тілек білдірушілер ашық ауада тегін жаттығу өткізеді. Сондай-ақ, демалыста оқушылар футбол және стритбол турнирлеріне қатыса алады. Бұл туралы онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламанов айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын пайдалы өткізіп әрі салауатты өмір салтын насихаттау үшін «қолжетімді спорт» бағдарламасы әзірленді. Ал осыған дейін қыс мезгілінде қала тұрғындарына арнап конькимен және шаңғымен сырғанаудан кәсіби жаттықтырушылардың көмегімен тегін жаттығу ұйымдастырдық. Жоба аясында елорданың екі мың тұрғыны конькимен және шаңғымен сырғанауды тегін үйренді», - деді Нариман Еламанов.

«Қолжетімді спорт» жобасы аясында жаттығулар 8 саябақта 2 ай бойы жүргізіледі. Нақтырақ айтқанда, маусым және шілде айларында аптасына 3 рет өткізіледі. Оларға тілек білдірушілердің бәрі тегін қатыса алады.

«Бір сабақ 2 академиялық сағатқа, яғни 90 минутқа созылады. Жаттығулар мына спорт түрлерінен өткізіледі: жүгіру, йога, зумба, воркаут, скандинавиялық жүріс, тыныс алу гимнастикасы, стритбол. «Қолжетімді спорт» мына саябақтар мен гүлзарларда өтеді: Ботаникалық бақ, Астаналық саябақ, Жерұйық паркі, Жетісу паркі, Триатлон паркі, Көктал паркі, «Өндіріс» және «Теміржолшылар» тұрғын аудандары», - деді спикер.

Сондай-ақ, маусым-тамыз айларында елордада футболдан «Aula Ligasy» турнирі өтеді. Оған 10-12 жастағы балалар қатыса алады.

Ережеге сәйкес, командалар тұрғын үй кешендерінің балаларынан құралады. Әр командада 10 адам болады. Төрт ауданның әрқайсысында 10 футбол алаңы бар. Бір турнирлік күнде 40 команда қатысады. Турнир барысында 8000 жасөспірімді қатыстыру жоспарланып отыр.

Турнирдің алғашқы кезеңі аула кезеңі болады. Ең жақсы бес команда іріктелгеннен кейін, олар өзара ойнап шығып, үздікті анықтайды.

2 кезең – аудандық. Алтын мен күміс иелері соңғы кезеңге өтеді. Қаланың 8 үздік командасы (әр ауданнан 2-ден) финалға шығу үшін күш сынасады. Матчтар жабық, жасанды алаңда өтеді. Өтетін күні: 1 тамыз.

3-қалалық кезең. Үшінші орын үшін өтетін ойын мен финал «Астана-Аренада» өтеді. Өтетін күні: 7 тамыз.

Сонымен қатар, жаз айларында елордада стритбол турнирі өтеді. Командалар ең көп дегенде 4 ойыншыдан, кем дегенде 3 ойыншыдан және бір жаттықтырушыдан құралуы керек.
Турнир келесі жүйе бойынша екі кезеңде өтеді:

Бірінші кезең – Нұр-Сұлтан қаласының төрт ауданы бойынша өтетін матчтар. Командалар өз ауданындағы мектебі орналасқан тұста өтетін турнирде өнер көрсетіп, жеңімпаздарды анықтайды. Әр ауданның үздік үш командасы екінші кезеңге өтеді.

Екінші кезең – финал. Қаланың 12 үздік командасы өз санатында 4 топқа бөлінеді және өзара күш сынасып шығады. Осыдан кейін топтардың 2 үздік командасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін олимпиадалық жүйе бойынша ойнайды.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен, кубоктармен, бағалы сыйлықтармен және бірыңғай формамен марапатталады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109