1581

Нұр-Cұлтан қаласының спортшысы каратэден «Senshi» кәсіби турнирінде жеңіске жетті

Болгарияның София қаласында киокушинкай каратэден дәстүрлі «SENSHI» кәсіпқой каратэ кеші өтті. Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Әлішер Қарменов өз салмақ дәрежесінде турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Байрақты бәсекеде 13 елден 20 үздік спортшы бақ сынады.

65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшымыз Әлішер Карменов Украинаның екі дүркін чемпионы Артем Векличпен кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Әлішер Карменов жеңіске жетіп, «SENSHI» белбеуіне ие болды.

«Бұл менің кәсіпқой каратэ кешіндегі екінші жекпе жегім. Біріншісінде Армения спортшысы, үш дүркін әлем чемпионы Артур Арушанянды жеңген болатынмын. Міне екінші жекпе жегімде украиналық спортшыдан басым түстім. Осы жолы жарысқа дайындық барысында барымды салдым. Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Ендігі мақсатым алдағы Еуропа чемпионатында жеңіс тұғыран көрініп, көк туымызды биікте желбірету», - деді каратэден әлем чемпионы Әлішер Карменов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109