1764

Астанада ҰБТ орташа балы - 81,3 болды

Астанада Ұлттық Бірыңғай тестілеудің қорытындысы шығарылды. Елордада ҰБТ бойынша ортақ балл көрсеткіші - 81,3. Жалпы есептік көрсеткіш бойынша Астана Алматы қаласынан кейінгі екінші орында тұр.

Астанада Ұлттық Бірыңғай тестілеудің қорытындысы шығарылды. Елордада ҰБТ бойынша ортақ балл көрсеткіші - 81,3 болды. Жалпы есептік көрсеткіш бойынша Астана  Алматы қаласынан кейінгі екінші орында тұр.  Бұл туралы astаna.kz сайтына Астана қаласының Білім басқармасы мәлімдеді. 

«Барлығы 3073 түлек тәуелсіз сыртқы бақылаудан өткен болса, тест сынағына 84,5 %.- түлек қатысты. Ал, ортақ балл - 81,3 балл»,- деді ведомствадан. 

ҰБТ сынағынан жоғарғы деңгейдегі көрсеткішке ие болған мектептердің тізімі төмендегідей. Ең жоғары ортақ балл: «Зерде» №9 дарынды балаларға арналған мектеп - 116,09,  дарынды қыз балаларға арналған ҚТЛ -110, «Нұр Орда» ҚТЛ  106,07, дарынды ер балаларға арналған ҚТЛ 103,13, №50 мектеп-лицей 102, 53, сондай-ақ, №38 мектеп лицейі 102,10 ортақ балл жинап, үздіктердің қатарынан көрінді.

ҰБТ қорытындысына сәйкес №46 мектеп-гимназиясының түлегі Александра Шалагаева мен №54 мектеп-лицейдің түлегі Лаура Жауханова ең жоғары 123 балл жинаған. Сонымен қатар, 629 қатысушы 100-ден 123- ке дейін балл жинаған. Ол көрсеткішті пайызға шаққанда, 20,5 %-ды құраған.

Аталған басқарманың мәліметіне сүйенсек, 66 мектеп бітіруші «Алтын белгі» үздік аттестатын сәтті қорғап шыққан. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 564 түлек қорытынды емтихан тапсырса, олардың 218-і халықаралық ғылыми жобалар мен олимпиадалардың жеңімпаздары. Қалған мектеп бітірушілер шетелде немесе колледждерден білім алады. ҰБТ-ке қатынаспаған 3 мектеп бітіруші кешенді тестілеуге қатысатын болады. Ал, 17 оқушы сырқатына байланысты қорытынды аттестаттаудан босатылған.

Тұтастай алғанда, Астанада тестке 82 жалпы білім беретін мектептің түлектері қатысты. Елордада ҰБТ үш университет базасында өтті. Олар: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және Қазақ гуманитарлық заң университеті. Тест тапсыру 3,5,7 маусым күндері өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109