1606

Теннис: Нұр-Сұлтан әкімдігі бұқаралық спортты қалай дамытып жатыр?

Нұр-Сұлтанда «Дәулет» теннис орталығының базасында еліміздегі алғашқы әлеуметтік корт ашу жоспарлануда, онда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен әлеуметтік аз қамтылған санатына жататын балалар тенниспен тегін айналысатын болады. «Дәулет» теннис орталығы сондай-ақ #it’sallaboutability (ЮНИСЕФ халықаралық бағдарламасы) шеңберінде инклюзивті топты елімізде алғаш болып іске қосты. Бүгінде орталық жанындағы тенниспен айналысатын балаларды қамту 25%-ға артты.

Бұқаралық спортты дамыту және көпбалаларды қамту үшін елорда әкімдігі қолданыстағы алаңдарды саябақтар мен мектептердегі жаңа теннис корттарына қайта жабдықтауды жоспарлап отыр. Егер қазір тенниспен бір мыңға жуық бала айналысатын болса, онда бұл жобаны іске асырғаннан кейін 10 мыңға жуық бала айналыса алады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалар мен ересектерді бұқаралық спортқа қызықтыру үшін жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар, бұл спортты жаңа бастағандарға да көмектеседі. Жаңа спорт кешендері мен алаңдары түрлі спорт түрлерін дамытуды сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті елорда әкімі Алтай Көлгінов.

«Дәулет» теннис орталығы мен Қазақстан теннис федерациясы спорттық құрал-жабдықтар жеткізіп, шеберлік сабақтарын өткізеді.

«Балалардың жыл бойы тенниспен айналысуына барынша жағдай жасағымыз келеді. Жаздыгүні ашық аспан астында жаңа теннис кортында жаттықса, қалған уақытта бізде дайындалады», - дейді «Дәулет» теннис орталығының жетекшісі Дина Темірғалиева.

«Дәулет» теннис орталығын 2019 жылдың күзінде Қазақстан теннис федерациясы ашты. Спорт кешенінде 8 жабық және 5 ашық корт, жаттығу залдары, теориялық сабақтарға арналған әдістемелік залдар, тамақтану орны және т.б. бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы елорда әкімдігі 76 гектардан астам аумақты абаттандырды, бұл шамамен 150 аула мен 60 қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар). Осылайша елорда тұрғындарының төрттен бір бөлігінің спортпен айналысуына және серуендеуіне арналған орындар ашылды.

Аулалар мен қоғамдық кеңістіктер қала тұрғындарын жұмылдырып салынуда және жөндеу жүргізілуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109