1780

Кальян ұсынады, бетперде тақпайды: Елордада карантинді бұзған тағы бес мекеме жауапкершілікке тартылды

Елорданың мониторингтік топтары кәсіпкерлік нысандары арасында карантин талаптарын бұзушыларды анықтауда. Карантиндік талаптарға және жауапкершілікке тартылғанына қарамастан елорданың кейбір мекемелері оны жүйелі түрде бұзып, вирутың таралу қаупін арттыруда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

27 мамыр күні мониторингтік топтар шектеу шараларын бұзған 5 кәсіпкерлік нысанын анықтады, олардың 2-еуі Алматы ауданында орналасқан.

Сол сияқты Байқоңыр ауданында орналасқан "Версус" интернет-кафесі карантиндік режимді сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осыған ұқсас тәртіп бұзушылықты Сарыарқа ауданындағы "Лукум" кафесі де жасаған. Мекеме әкімшісінің өзі маскасыз қызмет көрсеткен.

Есіл ауданында орналасқан "Mr. Coffee" кофеханасы жұртшылыққа кальян ұсынған. Кальян шегуге қатаң тыйым салынғанын айта кеткен жөн.

Тәртіп бұзушыларға қатысты хаттама толтырылып, тиісті шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді.

Айта кету керек, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша "қызыл" аймақта тұр. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Сондықтан елорда қонақтары мен тұрғындары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары коронавирустық инфекцияның одан да көп таралуын болдырмас үшін санитарлық нормалар мен шектеу талаптарын қатаң сақтауы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109