2988

Нұр-Сұлтанда тағы бір сауда орталығында коронавирусқа қарсы вакцина егіле бастады

Елорда тұрғындары мен қонақтарын коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялайтын сауда орындарының тізімін қаланың оң жағалауындағы "Еуразия" сауда үйі толықтырды. Мұнда азаматтар вакцинаның екі түрін қабылдай алады: ресейлік "Спутник-V" препараты және қытайлық "SinofarmHayat-Vak" вакцинасы.

«Қала тұрғындары тығыз орналасқан аудандардың бірін вакцинациялаумен қамту үшін "Еуразия" сауда үйінде де егу пунктін ашуды жөн көрдік. Аудан тұрғындары да аталмыш сауда орнында ашу туралы бірнеше рет өтініш білдірген. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп, осы мәселенің мүмкіндігін қарастырдық және азаматтарға ыңғайлы болу үшін вакцинациялау пункттерін ашу туралы шешім қабылдадық. Эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, осы жерде вакцинация жүргізілетін болады», - деп атап өтті қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Вакцинация орны "Евразия-3" СҮ-нің 4-қабатында ұйымдастырылған. Вакцинациялауға тіркеу бригаданың кестесіне және сауда үйінің жұмыс режиміне сәйкес сағат 19.30-ға дейін жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, елордада бүгінге дейін "Mega Silk Way", "Keruen", "Хан Шатыр", "Абу-Даби Плаза", "Азия Парк", "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталықтарында, «Әлем», «Астаналық», «Еуразия» сауда үйлерінде вакцинация пункттері ашылған болатын. Қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша олардың саны үш есе артты.

Басқарма мәліметінше, қоймаларда ресейлік "Спутник-V" және қытайлық "Sinofarm Hayat-Vak" вакциналарының мөлшері жеткілікті. Жақын арада "QazVac" вакцинациясы үшін отандық препарат жеткізіледі деп күтілуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109