1926

Елордада «Сүндет-2021» акциясы өтіп жатыр

Елордалық емханаларда «Сүндет-2021» акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың мүгедек балаларына сүндетке отырғызу рәсімі тегін жасалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сондай-ақ созылмалы ауруға шалдыққан  және толық емес отбасылардың ұл балалары ерекше назарға алынды.

Сүндеттеуді уролог және өз ісінің шебері, Нұр-Сұлтан қалалысының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов және №9 емхана мен №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жоғары білікті мамандары жасады. Тимур Мұратов балалардың жағдайын біліп, біраз сұхбаттасты.

«Бұл біздің екінші ұлымыз, 3 жаста. 10 күн бұрын баламызға дәстүр туралы көп айтып, моральды тұрғыдан дайындағанбыз, нағыз жігіт болады деп сендірдік. Ұйымдастырушылар мен емхана басшылығына алғыс білдіреміз. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шара, барлығы қарастырылған», - деді сүндетке отыратын баланың анасы Ляззат Айтуғанова

Жыл сайынғы акцияның мақсаты — көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан мүгедек және созылмалы аурулары бар балаларға әлеуметтік көмек көрсету . 

Акция аясында бұл медициналық қызмет жыл сайын ақысыз түрде жүзеге асырылады. 

Сүндеттеуді қалалық №9 емханада хирургтар мен урологтар өткізді. Бұл жерде 2-5 ота жасау кабинеттері ұйымдастырылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109