1672

Нұр-Сұлтанда жас құтқарушылар арасында жарыс өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жас құтқарушылар арасында қалалық жарыс өткізіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Балаларды қорғау күні және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараға 90 елордалық оқушы қатысты.

«Бүгін бізде жас құтқарушылар жарысы өтуде. Жарыс қорытындысы бойынша мықтыларды таңдап, құрама команданы жасақтап, Көкшетауда өтетін республика чемпионатына дайындықты бастаймыз. Жарысқа елорданың әр ауданынан 4 мектеп қатысуда. Сондай-ақ, бүгін біз судағы қауіпсіздік және өрттің алдын алуға арналған бірнеше акция өткіземіз», – деді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Сәбит Битаев.

Жарыс барысында жас құтқарушылар 6 тапсырманы сәтті орындауы тиіс, оның ішінде: сатымен екінші қабатқа көтерілу, жүз метрлік кедергілер жолағы, алғашқы медициналық көмек көрсету, жауынгерлік қанат жаю және т.б.

«Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының елордалық филиалының басшысы Асхат Налшыбек атап өткендей, мұндай жарыстар оқушыларға патриоттық рух ұялатады және болашақта төтенше жағдайларда нақты әрекет етуге көмектеседі.

«Бүгін біздің қозғалысымыздан 3 команда қатысып жатыр. Балалар қажырлы еңбек етіп, жеңіске ұмтылды. Мұндай іс-шаралар жастар арасында патриоттық тәрбиені дамытуға, спорттық өмір салтын насихаттауға, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына үйретуге бағытталған. Мұның бәрі қатысушыларға болашақта пайдалы болады», – деді ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109