1675

Биыл 70-тен астам елордалық түлек «Алтын белгі» үздік аттестатын қорғап шықты

2012-2013 оқу жылының Ұлттық бірыңғай тестілеуінің алдын ала жасалған қорытындысы бойынша, «Алтын белгі» үздік аттестатын 71 түлек қорғап шықты.

2012-2013 оқу жылының Ұлттық бірыңғай тестілеуінің алдын ала жасалған қорытындысы бойынша,  «Алтын белгі» үздік аттестатын 71 түлек қорғап шықты, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

«Биылғы жылы қала бойынша орташа балл - 81,3 болды. Салыстырсақ, 2012 жылы бұл көрсеткіш 78,5 баллға тең болған еді. Екі оқушы: №46 мектеп-лицей оқушысы Александр Шалагаева мен №54 мектеп-лицей оқушысы Лаура Жауханова 123 балл жинады. 100-ден 122 балға дейін 629 оқушы жинады. Немесе ол - 20,5%. Қажетті өту балын 167 түлек жинай алмады. Немесе ол  5,4%»,- деп мәлімдейді қала әкімдігінен. 

ҰБТ-ға барлығы 3637 қатысушының 3073-і  қатысты. Бұл барлық түлектер санының 84,5%-ы. Мемлекеттік емтихан түріндегі дәстүрлі қорытынды аттестаттаудан  өткендер саны- 564  немесе 15,5%. Оның ішінде 218 қатысушы- халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары, сондай-ақ, алыс-жақын шетелдерде білім алу орындарына оқуға тапсыратындар. Елорда мектептерінің ішінде ең жоғары көрсеткіш көрсеткен - №9 «Зерде» дарынды балаларға арналған мектеп түлектері. Аталған мектеп түлектерінің  ортақ балы - 116,09.

Сонымен қатар,  дарынды қыз балаларға арналған Қазақ-түрік лицейі - 110,0, «Нұрорда» - 106,07, Астана қаласының дарынды жастарына арналған Қазақ-түрік лицей интернаты- 103,13, ¹50 мектеп-лицей- 102,53 және №38 мектеп-лицей- 102,1 балл жинаған. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109